Қала тасымал жолының жалпы ұзындығы 2220 шақырымға жуық

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, «Малтабар орта мектебі» КММ

Биология пәнінің мұғалімі: Мукашева Айнұр Жакияновна

Сабақ тақырыбы: Астана – жас қала

Мақсаты

  • Еліміздің бас ордасы Астана қаласымен таныстыру.
  • Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, патриоттық сезім ұялату; Астана туралы ой-пікірін дамыту.
  • Еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Плакаттар
  • Нақыл сөздер

Сабақ барысы

  1. IҰйымдастыру
  2. IIАстанамен таныстыру
  3. IIIӘн: «Астана – ертегім!»

Астанамен таныстыру

1-оқушы: Қаланың тарихы

Негізгі деректер мен атаулардың өзгеруі

Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. Қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында, Қараөткел өткелі маңында Ақмола бекінісі ретінде салынды. 1863 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.

1960 жылдың желтоқсанында қала Қазақстанның солтүстік облыстары кірген тың игеру аймағының орталығына айналды. 1961 жылға дейін қала Ақмола, 1961–1992 жылдары Целиноград, 1992–1998 жылдары қайтадан Ақмола деп аталды. Қала 1998 жылы қазіргі «Астана» атауына ие болды.

Аумағы: 77,1 шаршы шақырым.

2-оқушы: Ландшафтысы

Орналасуы мен көгалдандыру

Қала Қазақстанның солтүстік бөлігінде, Есіл өзенінің оң жағалауындағы құрғақ далалық аймақта орналасқан. Бұл өңірге бетегелі-селеулі өсімдік жамылғысы мен сарғылтым топырақ тән. Жер бедері егіншілікке онша қолайлы емес.

Соған қарамастан, Астананы жергілікті жер бедері мен климатына бейім ағаштар мен бұталар арқылы көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

3-оқушы: Өзендері мен көлдері

Гидрография және су қоймасы

Қаланың гидрографиялық жүйесіне қала аумағын кесіп өтетін Есіл өзені және оның шағын, тартылып бара жатқан салалары — Сарыбұлақ пен Ащылы жатады.

Есіл өзені бастауын Қарағанды облысындағы Қазақтың аласа шоқысының солтүстігіндегі Нияз тауы маңындағы бұлақтардан алады. Өзеннің жалпы ұзындығы — 2450 шақырым.

1965–1970 жылдары қаланы сумен қамтамасыз ету және суармалы егіншілікті дамыту мақсатында қаладан 70 шақырым жерде, Есіл өзенінің бойында Вячеслав (қазіргі Астана) су қоймасы салынды. Су қоймасының сыйымдылығы — 410,9 млн м³.

Ерекшелік: Астанадан 25–30 шақырым радиуста тұщы және тұзды көлдер кездеседі.

4-оқушы: Климат

Тым континентті ауа райы

Қаланың климаты тым континентті: қысы суық, ұзақ әрі қарлы; жазы құрғақ және ыстық.

Қаңтар айының орташа температурасы −17…−19°C, ал шілдеде +19…+20°C шамасында.

Абсолюттік минимум
−52°C
Абсолюттік максимум
+42°C
Жылдық жауын-шашын
280–300 мм
Қар жату ұзақтығы
140–160 күн

5-оқушы: Халқы

Ұлттар мен демография

Қала тұрғындарының саны — 700,8 мың адам. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, немістер және өзге де ұлт өкілдері тұрады.

6-оқушы: Көлік

Автомобиль, теміржол және әуе қатынасы

Астана — Орталық Қазақстандағы автомобиль, әуе және теміржол жолдарының ірі торабы. Жүк пен жолаушы тасымалында автомобиль көлігі жетекші рөл атқарады.

Қалалық көлік

  • Тасымал жолдарының жалпы ұзындығы — шамамен 2220 км.
  • 57 қалалық маршрут жұмыс істейді.
  • 5 мамандандырылған таксомотор компаниясы қызмет көрсетеді.

Компаниялар: «Экипаж», «Экипаж Плюс», «Вираж», «Тұлпар», «Сантана» және «Бозторғай» серіктестіктері.

Теміржол

Теміржол қатынасы Астананы елдің барлық аймақтарымен байланыстырып, Ресей арқылы жақын және алыс шет елдерге шығуға мүмкіндік береді. Қалпына келтірілген вокзал мен жүк терминалдары арқылы жолаушылар мен жүк тасымалы жүзеге асырылады.

2003 жылдан бастап Астана–Алматы бағыты бойынша «Тұлпар» жүйрік пойызы қатынай бастады.

Әуежай және байланыс

Астана әуежайы заманауи талаптар мен стандарттарға сай жабдықталған. Бұл әртүрлі ауа райы жағдайында да әуе кемелерінің көптеген түрін қабылдауға мүмкіндік береді.

Қалада телекоммуникация саласы дамып, байланыстың барлық түрлері қолжетімді.

7-оқушы: Әлеуметтік сала

Мәдениет пен білім орталығы

Астанада әлеуметтік сала қарқынды дамып, қала ірі мәдени және білім орталықтарының біріне айналып келеді. Жеке меншік және мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны — 14.

Жоғары оқу орындары

  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
  • Қазақ ұлттық музыка академиясы
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті
  • Қазақ-Ресей университеті
  • Басқару институты
  • Қазақ технология және бизнес университеті
  • Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалы
  • «Тұран–Астана» университеті
  • Еуразия гуманитарлық институты

Ән: «Астана – ертегім!»

1-шумақ

Мектебіме барамын, Таудай менің талабым. Биік болып өссем деп, Бәйтерекке қарадым.

Қайырмасы

Сенсің менің ертегім, Сенсің менің ертеңім. Кереметі әлемнің — Астанам.

2-шумақ

Көшелерін қаланың, Аралаған баламын. Адал болып өссем деп, Ақордаға қарадым.