Сабақ бөлімдері
Сабақтың тақырыбы
Microsoft Word мәтіндік редакторы: мәні, мәзір, құралдар тақтасы, режимдер.
Білімділік
WORD мәтіндік процессоры туралы негізгі түсініктер мен әрекеттерді қалыптастыру: іске қосу, мәні, мәзір, құралдар тақтасы және режимдер.
Тәрбиелік
Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Есте сақтау мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі
Ойын және практикум элементтері арқылы демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Оқулық
- Практикум
Сабақ бөлімдері
1) «Кім білімпаз?»
Үй тапсырмасын сұрау.
Негізгі мақсат: өткен материалды еске түсіріп, жауап беру дағдысын бекіту.
2) «Сөз тапқанға»
Бұл бөлімде оқушыларға аралас сұрақтар қойылады. Әр ойыншы бір әріп таңдайды, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беруі керек.
Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
3) «Кім жылдам әрі тапқыр»
Оқушылар компьютермен жұмыс істеп, тапсырмаларды жылдам орындауға үйренеді.
- 1. Күн мен уақытты қалай қоямыз?
- 2. Жұмыс үстелінің фонын қалай өзгертеміз?
- 3. «Қыстырма бет» (вкладка) қалай ашылады/қойылады?
- 4. Жаңа қапшықты (папка) қалай құрамыз?
- 5. Жоғалған файлды қалай табамыз?
- 6. Файлды қалай архивтейміз?
- 7. Paint пен WordPad редакторларының айырмашылығы қандай?
- 8. Операциялық жүйе дегеніміз не?
4) «Білгенге маржан» — жаңа сабақты түсіндіру
MS Word — Windows жүйесіне арналған кең тараған мәтіндік процессор және қолданбалы бағдарлама. Ол мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеуде жүзден аса операцияны орындай алады және ең кең қолданылатын мәтіндік редакторлардың бірі болып саналады.
Мүмкіндіктері
Басқа ортада дайындалған мәтін үзінділері, кестелер мен суреттерді байланыстырып, құжатқа енгізуге болады.
Дизайн және безендіру
Құжат пен кестені көркем безендіруге арналған дайын шаблондар, стильдер және құралдар бар.
Баспаға дайындау
Типографияға қажет баспа материалдарын теруден бастап, түпнұсқа макетін дайындап, таратуға дейінгі жұмыс толық қамтылады.
Microsoft Word бағдарламасын іске қосу
Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз:
Пуск → Программы → Microsoft Word
Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда мәтін теруге болатын бос құжат терезесі ашылады.
Мәтінді сақтау
Терілген мәтінді сақтау үшін төмендегі пәрменді орындаңыз:
Файл → Сохранить как…
5) Қорытынды
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.
Үйге тапсырма
7-тарау: MS Word мәтіндік редакторы, 62–67 бет.
Қосымша тапсырма: тақырып бойынша реферат жазып келу.
«Сөз тапқанға» бөлімінің сұрақтары
Төмендегі сұрақтар екі топқа арналып берілген. Оқушы таңдаған әріпке сәйкес жауап құрастырады.
1-топ
- Интернет не үшін керек?
- Microsoft фирмасының президенті кім?
- Компьютердің бағасы қанша?
- Компьютер не үшін қажет?
- Кітапханадан қандай кітап алдың?
- Ноутбук сатып алғың келе ме?
2-топ
- Компьютер алдында қалай отыру керек?
- Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
- Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?
- Вирусты қалай жояды?
- Интернеттен не іздейсің?
- Agent арқылы кімге хат жазасың?