Тіл өнері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі: Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы

Тақырыбы

Жасай бер, туған тілім, ана тілім!

Сабақтың әдісі

Сайыс, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, нақыл сөздер

Мақсаты

Тәрбиелік бағыт

  • Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Ана тіліміздің тұғырын бекіткен аға буын өкілдерінің еңбектерін оқып-үйренуге ынталандыру.
  • Қазақ тілінің мәртебесін көтеру идеяларын қалыптастыру.

Дамытушылық бағыт

  • Тез ойланып, жауапты тиянақты әрі жүйелі айтуға дағдыландыру.
  • Топ алдында еркін сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Білім мен тапқырлықты ұштастырып, пікірді дәлелдеуге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсат-міндетін түсіндіру.
  • Оқушыларды екі топқа бөліп, сайыс кезеңдерімен таныстыру.

II. Кіріспе (мұғалім сөзі)

Құрметті оқушылар! Бүгінде тәуелсіздік туы желбіреп, еңселі елге айналдық. Сендер — болашаққа нық сеніммен қарайтын елдің ұл-қыздарысыңдар, яғни еліміздің ертеңгі тірегі сендерсіңдер.

22 қыркүйек күні елімізде Тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаев республика халықтарының ұлттық байлығы — тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті Қазақстан Республикасының Тілдер күні деп жариялаған. Бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласады.

Әр адамның азаматтық болмысы мен мәдениеті — өз халқын, ата мекенін қаншалықты сүйетінімен және ана тілін қаншалықты меңгергенімен өлшенеді. Ана сүтімен бойға дарыған тілге құрмет — анаға, Отанға деген құрмет. Сондықтан әрқайсымыз өз тілімізді қадірлеуді азаматтық парыз деп білуіміз керек.

III. Негізгі бөлім

Жүргізуші сөзі

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды имандылыққа баулыйық.

Тәрбие мен білімді тең игерген —

Болашағы қазақтың, деп білейік.

Қатысатын топтар

  • 1 «Асыл сөз» тобы
  • 2 «Ұшқыр ой» тобы

Сайыстың құрылымы

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Бәйге
  3. 3 Тіл өнері
  4. 4 «Мен ұнататын үш пән»
  5. 5 Шешендік өнер
  6. 6 Жорға

Тілек пен талап

Әрқашан білім көптік етпеген, талапсыз жан мұратына жетпеген. Білім сайысында табандылық пен намыс қатар жүрсін — жеңіске жеткендеріңізге қол соғамыз.

II айналым: Бәйге (1-топ сұрақтары)

  1. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын қарастыратын бөлім қалай аталады?
  2. «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол…» деген өлең жолдарының авторы кім?
  3. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?
  4. Қазақ тілінде неше буын түрі бар?
  5. Қазақта тұңғыш «дана ана» деп кімді атаймыз?
  6. Қазақта тұңғыш шешен кім?
  7. «Тіл туралы» заң неше баптан, неше тараудан тұрады?
  8. Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады?
  9. «Фариза» өлеңінің авторы кім?
  10. Республикалық балалар газеті қалай аталады?

II айналым: Бәйге (2-топ сұрақтары)

  1. Ата заң қашан қабылданды?
  2. Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қандай?
  3. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?
  4. Қазақ тілінде буын саны қанша?
  5. Қазақ тілі алғаш рет мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
  6. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
  7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
  8. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
  9. «Томаға» деген не?
  10. Елтаңбаның авторларын атаңдар.

III айналым: Тіл өнері

Тапсырма: мақалдың жалғасын табу немесе жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту.

1-топ тапсырмалары

  1. Торғын көкте қара құс, ағылып ұшып барады. (Бұл не?)
  2. Жаман аттан аяғым артық, жаман _____ таяғым артық.
  3. Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды сөзіңе. (Бұл не?)
  4. Жаны жақсы ағаның етегін баспа, жолын қу. Болайын деген _____ баланың бетін қақпа, белін бу.
  5. Үй үстінде алтын тас, алайын десем табылмас. (Бұл не?)
  6. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер. _____ басына күн туса, етегімен су ішер.
  7. Батыр туса — ел ырысы, _____ жауса — жер ырысы.
  8. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (Бұл не?)
  9. Жеті қазынаның бірі?
  10. Жақсының аты өлмейді, _____ хаты өлмейді.

2-топ тапсырмалары

  1. Сауысқанның тамағы шоқуменен табылар, өнер-білім бәрі де _____ табылар.
  2. Сөйлемейді — тілі бар, алуан-алуан түрі бар. Көз алдыңда жер шары. Қане, мұны біліп ал. (Бұл не?)
  3. Әуре болма, теріп бекер: ұстай алсаң — еріп кетер. (Бұл не?)
  4. Балдай тәтті, мұздай қатты. (Бұл не?)
  5. Тышқанға қауіпті, иттерге жау мықты. (Бұл не?)
  6. Оқу — білім бұлағы, білім — _____ шырағы.
  7. Көп жазсаң — қолың талады, қағазға бәрін салады. (Бұл не?)
  8. Күндіз-түні сыртылдайды, жүрісіне бір тынбайды. (Бұл не?)
  9. Атаңның баласы болма, _____ баласы бол.
  10. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. Есейіп кетсең де, қарыз боп қаласың. (Бұл не?)

Музыкалық үзіліс

Асау жүрек жанығып алқынбасын, бойына берген өнер сарқылмасын. Шыңға біткен шынардай биіктегі ұлтымыздың ән өнері шарықтасын. Кезекті әнге берейік.

IV кезең: «Мен ұнататын үш пән»

Оқушыларға үш пәннен сұрақтар беріледі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Оқушылар ұяшықтарды таңдайды: 20 / 30 / 40. Әр ұяшықта төрт сұрақтан ұсынылады.

Қазақ тілі

  • Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? Оларды ата.
  • Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай неше топқа бөлінеді?
  • Неологизм дегеніміз не?

Орыс тілі

  • Что обозначает глагол?
  • Как называется главная значимая часть слова?
  • Что изучается в разделе «лексика»?

Ағылшын тілі

  • What color is the flag of Kazakhstan?
  • What is the official language of the USA?
  • Where is Disneyland?

Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды

Тіл — халықтың рухы, тұтас болмыс-бітімі. Тіл байлығы — әрбір ел мен ұлттың мақтанышы.

Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру — әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін ортақ міндет. Ендеше, ана тіліміздің мерейі әрдайым үстем болсын.

Тіл — рух Құрмет — парыз Білім — тірек Шешендік — өнер