Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру
Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырып: «Менің Отаным — Қазақстан». Бұл сабақ балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, Қазақстан туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Сабақ мақсаттары
Білімдік
Туған жердің тарихына үңіле білуге үйрету, «болашақта елдің тұтқасы — өзіміз» деген түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, дұрыс әрі анық сөйлеуге жаттықтыру.
Тәрбиелік
Отанға, туған жерге және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Тілдік және сөздік жұмыс
Билингвальды компонент
- Атамекен
- родной край
- Отбасы
- семья
Сөздік жұмыс
Негізгі ұғым: атамекен. Балалар бұл сөздің мағынасын түсініп, сөйлем ішінде қолдануға дағдыланады.
Көрнекі құралдар және әдіс-тәсілдер
Көрнекі құралдар
- Слайд-презентация
- Суреттер
- Қосымша иллюстрациялар
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
Сабақ барысы
Мотивациялық қозғаушылық: «Шаттық шеңбері»
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, балалар!
Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Әңгімелесу және сұрақ-жауап
-
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Отанымыз — Қазақстан.
-
Қазақстан жері қандай?
Қазақстан — жері кең, табиғи байлығы мол мемлекет.
Еліміз жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығының молдығымен де ерекшеленеді: өріс толы мал, тайдай тулаған балық, теңіздей толқыған егін, дала толы құс, таусылмас кен байлығы — бәрі де жеткілікті.
(Материал слайд-презентация арқылы көрсетіледі.)
Отан ұғымын ашу
«Отан» деген сөзді қалай түсінеміз? Балалардың ой-пікірлері тыңдалып, тұжырым жасалады. Ойдың дұрыстығына көз жеткізу үшін Отан туралы өлең шумақтары тыңдалады, балалар жатқа білетін тақпақтарын айтады.
Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік ұста, Оң қолыңды оң жаққа, Сол қолыңды сол жаққа, Дәл осылай қайтала.
Мақал-мәтелдер арқылы бекіту
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Ендеше туған жер туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік:
- Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың.
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Туған жер — алтын бесік.
- Туған жердің топырағы да ыстық.
Қорытынды түсінік
Біз туып-өскен қала — Қазақстанның бір бөлшегі ғана. Ал Отан — адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен және жақындарымен бірге өмір сүретін атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан Республикасы.
Қазақстан — Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Автор
Балабақша тәрбиешісі: Умарова Самал Калижановна
Материалдың толық нұсқасы: жүктеуге арналған.