Математикалық модель
Сабақтың тақырыбы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Паскаль тілінің қарапайым операторларын қолданып бағдарламалауға жаттықтыру және білімдерін жүйелеу.
Тәрбиелік
Зерделілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке және мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Шамалар және оларды сипаттау ережелерін меңгерту; қарапайым операторлар арқылы бағдарламалау, ЭЕМ-ге енгізу және нәтижені алу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Білімді бекіту сабағы.
Әдістері
- Тест
- Практикалық жұмыс
- Қатемен жұмыс
- Жеке және топтық жұмыс
Көрнекілігі
Презентация, интерактивті тақта.
Бағдарламалық жабдықтама
Turbo Pascal.
Пәнаралық байланыс
Математика, физика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
A) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Б) Сабақ мақсатымен таныстыру: бүгінгі сабақта Паскаль бағдарламасының құрылымы, шамалар және оларды сипаттау ережелері бойынша білімдеріңізді тест арқылы жүйелейсіздер; қарапайым операторларды қолданып бағдарлама құрып, ЭЕМ-де орындауға жаттығасыздар.
В) Үй тапсырмасы: тест тапсырмалары интерактивті тақтадан ACTIV STUDIO құралы арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасы: тест
-
1. Бағдарламаның құрылымын атаңыз.
- A) сипаттау бөлімі, оператор денесі
- Ә) бағдарлама тақырыбы, сипаттау бөлімі
- Б) бағдарлама тақырыбы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі
- В) бағдарлама тақырыбы
-
2. program kbt; — бұл...
- A) бағдарлама тақырыбы
- Ә) бағдарламаның оператор бөлігі
- Б) бағдарламаның сипаттау бөлігі
- В) бағдарламаның соңы
-
3. Операторлық жақшаны көрсетіңіз.
- A) program
- Ә) begin, end
- Б) write, writeln
- В) read, readln
-
4. Енгізу операторын көрсетіңіз.
- A) program
- Ә) begin, end
- Б) write, writeln
- В) read, readln
-
5. Шығару операторын көрсетіңіз.
- A) program
- Ә) begin, end
- Б) write, writeln
- В) read, readln
-
6. Қай оператор дұрыс жазылған?
- A) read(a,b,c)
- Ә) read(a:b:c)
- Б) read(a;b;c)
- В) read(a b c)
-
7. Қай оператор дұрыс жазылған?
- A) writeln(a=5,b=6);
- Ә) write(a,,b);
- Б) writeln(a:b:);
- В) write(a,b);
-
8. Қай пікір қате?
- A) бағдарламаның әр жолы ; (нүктелі үтір) белгісімен аяқталады;
- Ә) сызықтық өрнек бір жолға жазылады;
- Б) ондық бөлшек үтірмен жазылады;
- В) градустық өлшеуіштер радиандық өлшеуішпен жазылады;
-
9. 61 div 7 нәтижесі неге тең?
- A) 5
- Ә) 7
- Б) 8
- В) 2
-
10. 61 mod 7 нәтижесі неге тең?
- A) 5
- Ә) 7
- Б) 8
- В) 2
Жауап кілті: 1 — Б, 2 — А, 3 — Ә, 4 — В, 5 — Б, 6 — А, 7 — В, 8 — Б, 9 — Б, 10 — А.
Үй тапсырмасы №4 дәптерден тексеріледі.
II. Іскерлік жаттығу
A) Тақтамен жұмыс (интерактивті тақта)
1) Қай меншіктеу операторы қате жазылған? Астын сызыңыз.
2) Операторлар тізбегі орындалғаннан кейін мәндері қандай болады?
A)
x:=8+6 mod 4*2;
y:=x div 5*5;
z:=x*21 div 4;
x:=?
y:=?
z:=?
Ә)
a:=1;
b:=2;
c:=3;
a:=b;
b:=c;
c:=a;
a:=?
b:=?
c:=?
3) Turbo Pascal бағдарламасын іске қосу жолын атаңыз.
4) Бағдарламаны орындау (атқару) әрекетін атаңыз.
Ә) Практикалық тапсырма
Есептеу бағдарламасын құрып, ЭЕМ-де орындаңыз.
I топ — №1
Алма саныМатематикалық модель: 1-оқушы — m себет, 2-оқушы — k себет, 3-оқушы — l себет. Бір себеттегі алма саны — t. Жалпы алма саны: x = t(m + k + l).
program sebet;
var m,k,l,t,x: real;
begin
read(m,k,l,t);
x:=t*(m+k+l);
writeln('x=', x);
end.
II топ — №2
Трапеция ауданыМатематикалық модель: S = (a + b) * h / 2.
program aydan;
var a,b,h,s: real;
begin
read(a,b,h);
s:=(a+b)*h/2;
writeln('s=', s);
end.
№3
ҚозғалысБерілгені: a = 0.8 м/с², v0 = 2 м/с, t = 10 с. Табу: v. Формула: v = v0 − a*t.
program skorst;
var v0,t: integer;
a,v: real;
begin
a:=0.8;
v0:=2;
t:=10;
v:=v0-a*t;
writeln('v=', v);
end.
№4
Үдеуді табуМатематикалық модель: a = v² / r. Берілгені: r = 100 м, v = 15 м/с.
program ydey;
var r,v: integer;
a: real;
begin
read(r,v);
a:=sqr(v)/r;
writeln('a=', a);
end.
III. Қорытынды және қатемен жұмыс
Программадағы қатені түзетіңіз
Екі нүктенің арақашықтығы: d = √((x1 − x2)² + (y1 − y2)²). Төмендегі кодтағы қателерді тауып, түзетіңіз.
program dlina;
var x1,x2,y1,y2,d: read;
begin
read(x1,x2,y1,y2);
d:=sqrt(sqr(x1-x2)+sqr(y1-y2));
writeln('d=', d:3)
end.
Ә) Кестені толтыру
Меншіктеу операторы
:=
Енгізу операторы
read
Бос оператор
—
Шығару операторы
write / writeln
Б) Үйге тапсырма
§ 2.5–2.8, №13.