Сөйлем мүшелері
СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Исмакова Ғалия Серікқызы
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушының білімі мен біліктілігін негізге ала отырып, ой-өрісін дамыту; ұшқыр ойлау қабілетін шыңдау; шапшаңдық пен нақтылыққа баулу; алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Міндеттері
- Сөйлем мүшелері мен бастауыш туралы түсінік беру.
- Сөздік қорын молайту; ой-өрісін, ойлауын, есте сақтауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топпен жұмыс, бағалау, халықтық педагогика элементтері
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, бейнелеу өнері
Көрнекілігі
- Плакаттар, тірек сызбалар
- Интербелсенді тақта
- Кеспе жұмыстары
- Бағалау парақшалары, рефлексия
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сабақ «Шаттық шеңберінен» басталады. Шеңберді сынып кезекшісі жүргізеді: оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірін достыққа шақырады.
«Шаттық шеңбері» мәтіні
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз нәзік қыздармыз,
Қайырлы күн, біз ержүрек ұлдармыз.
Дос болайық екеуіміз,
Доспыз енді бәріміз.
Топқа бөлу
Оқушылар үстел үстіндегі төрт түрлі түсті қағаздың бірін таңдайды. Бір түсті таңдағандар бір топ болып бірігеді. Топ құрылған соң рөлдер жылдам бекітіледі: көшбасшы, уақыт төрешісі, баяндамашы, хатшы және спикер.
Өзін-өзі бағалау
Әр оқушыда бағалау парақшасы болады. Әр кезеңнен кейін өз нәтижесін уақытылы белгілеп отырады. Сабақ соңында балл қосылып, жиынтық баға шығарылады да, парақша мұғалімге тапсырылады. Бағалау критерийлері тақтада көрсетіледі.
II. Үй жұмысын тексеру
Үй тапсырмасы диалог арқылы (оқушы–оқушы) тексеріледі. Тексеру «Мен — саған, сен — оған» ойыны форматында өтеді: мұғалім әр топқа кеспе қағаздарын таратып, әр топқа үш сұрақтан ұсынады.
Әр топтан бір оқушы тұрып, қалаған кез келген топтағы бір оқушыға сұрағын қояды. Егер жауап дұрыс болса, жауап берген оқушы келесі сұрақты басқа топтағы оқушыға бағыттайды. Ойын осылай жалғасады.
I топтың сұрақтары
- Сөйлемдер айтылу мақсаты мен сазына қарай неше түрге бөлінеді?
- Хабарлы сөйлемге тән белгіні ата.
- Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін сипатта.
II топтың сұрақтары
- Сұраулы сөйлемнің анықтамасын айт.
- Сұраулы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін сипатта.
- Лепті сөйлем дегеніміз не?
III топтың сұрақтары
- Лепті сөйлем қандай жолдармен жасалады?
- Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлемге тән белгі қандай?
IV топтың сұрақтары
- Лепті сөйлемнің интонациялық белгілерін сипатта.
- Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы қандай жолдармен жасалады?
- Бұйрықты сөйлемнің интонациялық ерекшелігін сипатта.
Ескерту: жауап берген оқушылар өз бағаларын бағалау парақшасына белгілеуді ұмытпайды.
III. Жаңа сабақ
Тақтадағы мысал
Ертең Ажар қалаға барады.
Мұғалім: «Сөйлемге ұйытқы болып тұрған қай сөз?» деп сұрайды. Оқушылар: «Ажар» деп жауап береді.
«Ажар» қандай сұраққа жауап береді? Кім?
Қорытынды: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі — бастауыш.
Оқушылар бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік алған. Енді сабақта осы тақырып тереңдетіледі.
Талқылауға арналған сұрақ
«Сөйлем мүшесі болу үшін қандай белгілер қажет?» — Сөйлем мүшесі жеке тұрған кезде де, сөйлем ішінде де белгілі бір сұраққа жауап бере алуы керек.
Оқушылар дәптерлерін ашып, күнді жазады және тақырыпты белгілейді:
«Сөйлем мүшелері. Бастауыш.»
Топтық ізденіс
Тақтада берілген сұрақтардың жауаптары оқулықтан топпен іздестіріліп, дәптерге жазылады. Уақыт: 5 сұраққа — 5 минут. Әр оқушы өз рөлін сақтайды.