Бисердің отаны

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

  • Практикалық жұмыс №3: Тоқу техникасы.
  • Практикалық жұмыс №4: Эскиз. Қажетті құрал-жабдықтар және қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды бисермен жұмыс істеу техникасымен таныстыру.

Сабақтың типі және әдісі

Типі:
аралас
Әдісі:
практикалық

Сабақтың міндеттері

  1. Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, тоқу технологиясын меңгерту.
  2. Эстетикалық талғамын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ептілікке, икемділікке және еңбек тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
  3. Теориялық білімді практикамен ұштастырып, шығармашылыққа баулу арқылы өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі

Дайын бұйым үлгілері.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, бейнелеу өнері.

Назар аударыңыз

Бисермен жұмыс кезінде жарықтың дұрыс түсуін және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тұрақты қадағалау қажет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарды тексеру.
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін еске салу.

II. Блиц-сұрақтар

Төмендегі сұрақтар оқушылардың бисер туралы бастапқы түсінігін нақтылауға көмектеседі.

Сұрақтар

  1. Бисер дегеніміз не?
  2. Бисердің отаны қай ел?
  3. «Бисер» сөзі қай тілден шыққан?
  4. «Бусра» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  5. Бисерлер құрамы бойынша қалай бөлінеді?
  6. Өңделуіне қарай бисерлер қалай аталады?
  7. Бисердің шығу тарихы немен байланысты?
  8. Әйнек дайындау құпиясын алғаш ашқан ел?
  9. Стеклярус дегеніміз қандай моншақ?
  10. Стеклярустың бисерден айырмашылығы неде?
  11. Ең алғаш стеклярусты қай ел шығарды?
  12. Бисерді түріне қарай қалай жіктейді?
  13. Бисермен тоқуда қандай жіптер қолданылады?

Жауаптар

  1. Ортасында тесігі бар кішкентай шариктер; пластмасса немесе әйнектен жасалған түрлі түсті ұсақ моншақтар.
  2. Ежелгі Египет.
  3. Араб тілінен («бусра»).
  4. Жасанды маржан.
  5. Шыныдан және металдан жасалған түрлері.
  6. Тұтас боялған, шаңдатылған, күңгірт немесе құбылмалы түсті.
  7. Әйнектің шығу тарихымен тікелей байланысты.
  8. Финикия.
  9. Ұзындығы шамамен 3 мм болатын шыны түтікше тәріздес моншақ.
  10. Түтікше тәріздес және қырлы болып келеді.
  11. Франция.
  12. Қарапайым бисер, стеклярус, рубка, Богем және Шарлот.
  13. Лавсан, леска (қармақ жіп) және басқа да берік жіптер.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе нұсқау: бисердің шығу тарихы

Бисер тоқу өнері — ертеден кең тараған халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір бағыты. Бисермен қарапайым суреттерден бастап, өте күрделі көптүсті жұмыстарға дейін орындауға болады: алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмке әшекейлері, тіпті ойыншықтар да тоқылады.

Қолдан жасалған бисер бұйымдары Ресейде де, өзге елдерде де жоғары бағаланады. Қазіргі таңда бұл қолөнер түрі қайта жаңғырып, дамудың жаңа кезеңіне көтеріліп келеді.

Бисер тоқу нәзіктік пен әсемдікті, шыдамдылықты, қиял мен шеберлікті талап етеді. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті мен түстерді ажырата білу дағдысы маңызды.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Бисер
  • Сым
  • Қайшы
  • Мата бөлшегі
  • Жұмыс қорапшасы
  • Гүлге арналған ыдыс
  • Гипс
  • Сәндік тастар

Ескерту

Қатты негіз ретінде арнайы металл таяқшаны қолданған дұрыс. Егер металл таяқша табылмаса, қарындаш немесе ұзындау ағашты пайдалануға болады. Бұтақ шоғырларын негізге бекіткенде ағаштың пішіні қалыптасады.

IV. Жұмыс барысы (практикалық бөлім)

Алдын ала қадамдар

  1. Техника қауіпсіздігі ережелерін қайта еске түсіру.
  2. Нұсқаумен танысу.
  3. Эскизді алдын ала салып алу.

Ағымды нұсқау: бисер өру техникасы

  1. Ұзындығы 25 см болатын сымды дайындаңыз.
  2. Сымға 7 бисер тізіп, сымның ұшынан 5–7 см қалдырып шалу жасап, бұраңыз.
  3. 0,8–1 см арақашықтық қалдырып, осы тәсілмен тағы бір шалу жасаңыз.
  4. Соңғы ұшында 5–7 см бос сым қалдырып, осы ретпен бірнеше шалу жасаңыз (шалулар саны міндетті түрде тақ болсын).
  5. Сымның ұшын орталық шалуға иіп, ұштарын бір-бірімен жалғаңыз.
  6. Бұтақтарды дайындаған соң құрастыруға кірісіңіз: 10–12 бұтақты біріктіріп, шоқ жасаңыз.
  7. Бұтақтарды қатты негіздің айналасына жинаңыз.
  8. Ағаш діңі табиғи көрінуі үшін діңін таспамен ораңыз.
  9. Гипстің көмегімен ағашты қажетті пішінде қатырып, соңынан сәндік тастармен көркемдеңіз.

V. Қорытынды нұсқау

  • Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізу.
  • Бисермен жұмыс кезінде жарықтың дұрыс түсуін қадағалау.
  • Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау.
  • Оқушылардың жұмысын бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

Жұмысты үй жағдайында жалғастыру.

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі — Еркебаева Жанар.