Құрметті жас дос
Құрметті жас дос!
Бұл үндеу — Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Айтуар Мақсаттың Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа ұсынған ой-толғауы.
Тәуелсіздік — аманат, оны сақтау — парыз
Талай ғасыр аңсап, тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерген, ат басына күн туған ауыр замандарда күреспен келген тәуелсіздігімізді сақтау және келешек ұрпаққа аманат ету — қасиетті борышымыз. Біз — тәуелсіз қазақ елінің үміт күткен азаматымыз.
Елдің гүлденіп, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін әрдайым өз еңбегімізбен, өз білімімізбен алда тұруымыз керек. Жамандықтан аулақ болып, салауатты тұлға қалыптастыру — әрқайсымыздың міндетіміз.
Негізгі ұстаным
- Білімді үнемі кеңейту, уақытты тиімді пайдалану.
- Жат қылықтардан алыс болып, салауатты өмір салтын ұстану.
- Спортпен дос болып, өзін-өзі дамытуға ұмтылу.
Денсаулық — ең үлкен байлық
Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы — адам. Ал адамның басты байлығы — денсаулық. Хакім Абай: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау — бұл адамға нұр болады», — деп, адамды аздыратын жамандықтан сақтануға шақырады.
Бүгінгі күннің де үндеуі айқын: денсаулықты құртып, сананы улайтын нәрселерге төзіммен қарауға болмайды. Дана халқымыздың «Бірінші байлық — денсаулық» деуі бекер емес. Шын мәнінде, деннің саулығынан артық қазына жоқ; өзге байлықтың бәрі соның жанында құнсыз.
Есте сақта
Денсаулық — тек жеке игілік емес, ұлттың да қуаты. Оны қорғау — өзіңе және қоғамға жауапкершілік.
Есірткі — өмірді өшіретін қауіп
Ұлттың тамырына балта шабатын, қоғамның санасын улайтын, мәдени және адамгершілік құндылықтарды төмендететін, жас өмірді құрдымға жіберетін есірткіден аулақ бол. Оның зардабы орны толмас өкінішке әкеледі, ақыры өлімге де апаруы мүмкін.
Неліктен бұл аса қауіпті?
- Денсаулықты күйретеді, сананы тұмшалайды.
- Арман мен мақсатты бір сәтте жоққа шығарады.
- Отбасы мен қоғамға ауыр қайғы әкеледі.
Білімсіздік, жалған қызығушылық пен әуестену түбі — өкініш. Нашақорлық — әлемдік дерт. Қоғам болып күрес жүргізіп жатқанда, достарымызды және айналамыздағы адамдарды бұл қасіреттен арашалау — азаматтық парызымыз. Қызғалдақтай құлпырған өмірді бір күнде жою — ең үлкен қасірет.