Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақ жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін түсіндіруге, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау туралы ұғым қалыптастыруға бағытталған.

1) Білімділік

  • Жануарлардың көптүрлілігі мен мекен ету ортасы туралы түсінік беру.
  • Жануарлар топтарын ажырата білуге үйрету.
  • Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған ұғымдарын байланыстырып, жазып әрі айтып жеткізу дағдысын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

  • Әңгімелеу, сипаттау, талдау және бақылау қабілеттерін дамыту.
  • Оқушылардың белсенді қатысуын арттыру.

3) Тәрбиелік

  • Табиғатты қорғауға, жан-жануарға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Көрнекіліктер

Схемалар, жануарлардың суреттері, интербелсенді тақтадағы бейнематериал.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс Талдау Бақылау Әңгімелеу Ойын Сатылай кешенді талдау

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, өзін таныстыру.

Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету.

Сыныппен танысу, оқушылар жіберген сәлемдемелермен таныстыру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Ұран

Мақсатымыз – білім алу.

Міндетіміз – еңбектену.

Сабаққа белсенді қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізу.

1-топ

Адамдар тобы

2-топ

Жануарлар тобы

3-топ

Өсімдіктер тобы

Көмекшілер

Әр топтан оқу үлгерімі жақсы бір оқушы көмекші болып таңдалады. Олар сабақ барысында тапсырмалар береді: тілші, әдебиетші, биолог.

ІІІ. Өткенді қайталау: жылдам әрі нақты

Биологтың тапсырмасы

  • Суреттегі жануарларды ата.
  • Олар туралы не білесің?
  • Неліктен оларды сүтқоректілер деп атайды?

Тілшінің ойыны: «Тез әрі нақты жауап бер»

  1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
  2. Өсімдіктердің алуан түрлілігі мен ерекшелігін қалай білеміз?
  3. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
  4. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
  5. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
  6. Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата.
  7. Өсімдік әлемі адамның қамқорлығына не үшін мұқтаж?
  8. Өсімдіктер елімізде қалай қорғалады?

IV. Жаңа тақырыпқа шығу: сөзжұмбақ диктант

Әдебиетші оқушыларға қысқа тапсырмалар ұсынады. Тапсырмаларды орындап, шыққан сөздерді біріктіргенде бүгінгі тақырып анықталады.

Әдебиетшінің тапсырмалары

  1. «Жануар» сөзін көпше түрге айналдырып, ілік септік жалғауын қосып жаз.
  2. Әріптері орын ауысқан сөзді дұрыс реттеп жаз: абитағатығыт.
  3. Берілген әріптерден сөз құрастыр: е, н, ж, ә.
  4. 2 а, 1 д, 1 м әріптерінен сөз құрастыр.
  5. Артық әріптерді алып тастап, сөзді тап: көміртіндезегі.
  6. «Машинада болады» деген сөзді тауып, оған қосымшасын қосып оқы.

Нәтиже

Құрастырылған сөздерді дауыстап оқып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

V. Ой шақыру және сергіту

Байланысты анықтау

Жануар → Өсімдік → Адам байланысы қалай құрылады? Жануарлар бір-бірімен және адаммен қандай байланыста өмір сүреді?

Сергіту сәті

Әуен қосылады. Оқушылар қимыл-қозғалыс арқылы бағыттарды (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) және Жердің айналуын бейнелейді.

Өлең жолдары

Жануарларды атпаймыз,

Жасыл шөпті баспаймыз.

Табиғатты қорғаймыз,

Ағаштарды сатпаймыз.

Қол көтерсем — солтүстік,

Топ-топ бассам — оңтүстік.

Қолды созсам жан-жаққа —

Көрсетеді бағытты:

Батыс пенен шығысты.

Иіліп сәлем берейік,

«Экватор белдеу» — деп.

Белді бұрай қозғасақ,

Сағат тілі батысқа,

Жер айналар шығысқа.

VI. Кітаппен жұмыс

Мәтінді кезектесіп, жалғастыра оқимыз.

Оқылған материал бойынша талдау, түсіну және талқылау жүргізіледі.

Тілшінің сұрақтары

  1. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы әңгімеле.
  2. Неліктен кейбір жануарларды «санитарлар» деп атайды?
  3. Қандай жануарларды «адамның досы» деп санайды? Неге?

VII. Жаңа білімді бекіту

Сатылай кешенді талдау

Әр оқушы (немесе топ) бір жануарды таңдап, төмендегі жоспар бойынша талдайды:

  • Жануардың аты
  • Жануарлар тобы
  • Қай жерде мекендейді?
  • Немен қоректенеді?
  • Пайдасы
  • Зияны
  • Өз пікірің

Биологтың қорытындылауы

Бүгінгі сабақта қаралған мәселелер бойынша оқушылардың қандай білім алғанын сұрақ-жауап арқылы анықтаймыз.

Экологиялық есептер

1) Құмырсқа илеуі

Бір илеудің құмырсқалары 1 тәулікте 20 000 зиянкес жәндікті жояды. Үш тәулікте қанша зиянкес жәндікті жояды? Жауабы: 60 000

2) Борсықтың қорегі

Егер бір борсық бір күнде 1 кг жәндіктер мен тышқандарды жесе, 1 аптада қанша зиянкесті жей алады? Жауабы: 7 кг

3) Бұланға қажетті шөп

Бір бұлан қыс мезгілінде тәулігіне 12 кг шөп жейді. Екі бұланға тәулігіне неше кг шөп керек? Жауабы: 24 кг

4) Тоқылдақтың ұзындығы

Ең ірі тоқылдақтың дене ұзындығы 50 см. Осындай 3 тоқылдақтың жалпы ұзындығы қанша болады? Жауабы: 150 см

5) Ақ аюдың салмағы

Ақ аюдың салмағы 1000 кг-ға дейін жетеді. Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады? Жауабы: 2000 кг

6) Індердегі дән қоры

Тоқалтістер аязды күндері ұйықтайды, сондықтан қоректі көп жинайды. Кейбір індерде 4 кг-ға дейін дән жиналады. Осындай 3 інде неше кг дән болады? Жауабы: 12 кг

VIII. Сабақты қорыту

Әдебиетші

Өзіңе ұнайтын жануар туралы қысқаша әңгімеле.

Тілші және биолог

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен?
  • Қандай тақырыппен таныстық?
  • Қай жұмыс түрі көбірек ұнады?

Қорытынды ой

Үш топтың бірлесе әрекет етуі арқылы маңызды тұжырым жасалады: адам, жануар және өсімдік әлемі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырады, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

IX. Бағалау

Оқушылар кестені өздері толтырып, жинаған ұпайын есептейді. Баға төмендегі шкала бойынша қойылады:

Баға Ұпай аралығы
5 7–9 ұпай
4 4–6 ұпай
3 2–3 ұпай

Ортақ әрекет

Сабақ соңында үш топ ортаға шығып, бірліктің маңызын білдіреді: қол ұстасып, топ атауларын атап, «Әрқашан дос — біргеміз» деп хормен айтады.

X. Үй тапсырмасы

  • 145–147-беттерді түсініп оқу.
  • 1 және 2-тапсырмаларды орындап келу.