Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырып: “How old are you?”

Бұл оқу іс-әрекеті балалардың сөздік қорын байытуға, қарапайым диалог құруға үйретуге және 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ағылшын тілінде меңгертуге бағытталған.

Мақсаты

  • Сөздік қорды молайту.
  • Диалог арқылы сөйлеуге үйрету.
  • 1–5 сандарын үйрету.

Міндеттері

  • Жаңа тіркестерді енгізу: “How old are you?”, “I am …”.
  • Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін таныстыру дағдыларын дамыту.
  • Шет тіліне қызығушылық тәрбиелеу.

Қажетті материалдар

Желім, түрлі түсті қарындаштар, CD диск.

Белсенді лексика

  • Hello — сәлемдесу
  • I’m … — өзін таныстыру
  • How old are you? — жасың нешеде?

Билингвальді компонент

Hello
— сәлеметсіз бе
I’m
— мен
one
— бір
two
— екі
three
— үш
four
— төрт
five
— бес

ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері: балалар шеңберге тұрып, үш тілде амандасады және бір-біріне жылы тілек айтады.

Қазақша

Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық!

Орысша

Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга, Пожелайте добра!

Ағылшынша

Good morning, good morning, Good morning to you. Good morning, good morning, We are glad to see you!

Педагог: “Good morning, children!”
Балалар: “Good morning, Teacher.”
Педагог: “Sit down, please.” (қол қимылымен балаларды орындарына отыруға шақырады)

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік

Мұғалім 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ағылшын тілінде таныстырады және әр балаға жеке сұрақ қояды: “How old are you?” Жауап беруге бағыттайды: “I’m five.”

Сөз тіркестеріндегі қиын айтылатын дыбыстарға ерекше мән беріледі. Тіркестер бірнеше рет қайталанады.

1-тапсырма: Тыңдау

Track 2 мәтіні:

  • Hello. I’m Batyr. I’m 5.
  • Hello. I’m Dana. I’m 4.
  • Hello. I’m Dima. I’m 3.
  • Hello. I’m Ira. I’m 2.

Мұғалім “I’m …” үлгісін бірнеше рет айтқызып, қысқа жаттығу орындатады.

3-тапсырма: “Сандарды тап” ойыны

Дидактикалық ойын арқылы балалар сандарды ажыратып, атауын қайталайды.

4-тапсырма: “Аюда қанша шар бар?”

Балалар сурет бойынша шарларды санап, нәтижесін айтады.

Сергіту сәті

Hello, hello, Hello, how are you? I’m fine, I’m fine, I hope that you are too.

5-тапсырма: Есте сақтау қабілетін дамыту

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын бақылап, түрлі түсті қағаздан алма бейнелерін қиып алуды ұсынады. Балалар әр алманы санап, алма ағашына жапсырады.

3) Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды, түлкішек пен оның анасы және әкесі сияқты кейіпкерлерді атап өтеді.

Қорытынды сөз: “Жарайсыңдар! Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін кейіпкерлерді естеріңде сақтаңдар. Олармен амандасуды үйрендіңдер. Енді кейіпкерлерімізбен қоштасамыз.”

Күтілетін нәтижелер

Орындайды

Жаңа лексикалық бірліктерді қолданады: Hello, I’m, сондай-ақ onefive (1–5) сандарын атайды.

Түсінеді

Қарапайым сөз тіркестерінің қолданылу тәртібін, ағылшын тілінде танысу мен сәлемдесудің үлгілерін түсінеді.

Қолданады

Сандарды және өзін-өзі таныстыруды күнделікті қарапайым диалогта қолданады.

Ақпарат

Өңір
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
Мекеме
“Балауса” балабақшасы
Автор
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — Түешиева Меруерт