Жаңа тақырыпты ашу үшін ребус ұсыну, тақтаға сабақ тақырыбын жазу

Қысқа мерзімді жоспар (Геометрия, 8-сынып)

Тақырып: Трапецияның орта сызығы

Сабақтың мақсаты

  • Тақырыпты меңгерту: трапецияның орта сызығын түсіндіру, диалог арқылы сыни ойлауды қалыптастыру, зерттеушілік әңгіме негізінде ой-өрісті және ойлау қабілетін дамыту.
  • Өзіндік бақылау: өзін-өзі бағалау мен рефлексия арқылы оқушының өз мүмкіндігін нақты түсінуіне жағдай жасау; мұғалім–оқушы және оқушы–оқушы сұхбаты арқылы түсінікті тереңдету.
  • АКТ және бағалау: АКТ құралдарын орынды пайдалану, бағалау арқылы білім деңгейін саралау, оқу тиімділігін арттыру және пәнге қызығушылықты күшейту.
  • Топтық жұмыс: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту, адамгершілікке және бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Жылы старт
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Карусель» тренингін өткізу.
  • Күннің жадын (күні/тақырыбы) жазу.

2) Қызығушылықты ояту

Қайталаймыз
  • Өткен тақырып бойынша математикалық диктант жаздыру.
  • «Айсберг» ойыны арқылы топқа бөлу.

3) Жаңа тақырыпты ашу

Ашу
  • Ой қозғау үшін ребус ұсыну.
  • Тақтаға сабақ тақырыбын жазу: «Трапецияның орта сызығы».

Мағынаны тану (Жаңа сабақ)

ДЖИГСО Зерттеушілік әңгіме Саралау
  • Сабақты ДЖИГСО әдісі арқылы меңгерту, қажет жерде мұғалімнің қысқаша түсіндірмесін беру.
  • Тақырыпты зерттеушілік әңгіме форматында талқылау: дәлелдеу, сұрақ қою, қорытынды жасау.
  • Оқулық бойынша есептер шығарту: әр топқа тапсырмаларды бөліп беру.

Саралау және белсенді өзара әрекет

  • Кейбір оқушыларға деңгейіне қарай жекелей тапсырма беру (қолдауды қажет ететін және өте жоғары деңгейлі оқушылар).
  • Әр топқа төрт есеп және фигура бөліктерін беру: дұрыс жауап арқылы фигураны құрастырып, кейін жаңа топқа біріктіру.
  • «Сен – маған, мен – саған» әдісімен бір-біріне есептер ұсыну және шешімін негіздеу.

Пән мұғалімі

Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы

Тақырып: Трапецияның орта сызығы