Бүгін сабақта қандай дыбыстар туралы өттік

Сабақтың тақырыбы

Ы және І дыбыстарын ажырату.

Сабақтың мақсаты

1) Дыбыстау және сөйлеу дағдылары

  • Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға қажетті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру.
  • [Ы] және [І] дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін меңгерту.
  • Осы дыбыстар қатысатын сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

2) Танымдық қабілеттер

  • Балалардың танымдық және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Фонетикалық және фонематикалық есту қабілетін арттыру.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Білімге деген құштарлықты арттыру.
  • Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, АКТ

Көрнекіліктер

Слайд, суреттер, айна, мақта, май шам, шырпы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалардың зейінін сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық (өлең)

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз.

Келген қонақтарға

Бас иеміз біз.

2) Тыныс алу және артикуляцияға дайындық

  • Тыныс алу жаттығулары: май шамға үрлеу, мақтаға үрлеу.
  • Өз-өзімізге массаж: бет, иек, ерін айналасын жеңіл уқалау.

3) Жаңа сабақ: Ы және І дыбыстары

Негізгі ұғым

Ы және Ідауысты дыбыстар.

Ерекшеліктер

  • Ы — жуан дауысты дыбыс; сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
  • І — жіңішке дауысты дыбыс; сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Суреттермен жұмыс

Суреттерге назар аударып, құрамында ы немесе і дыбысы кездесетін заттарды атау.

Артикуляциялық сипаттама

Айна арқылы Ы және І дыбыстарының айтылуын бақылап, артикуляциялық кескінін салыстыру.

«Көңілді тіл» ертегісі бойынша жаттығулар

  • Тілді оңға, солға, алға созу.
  • «Ат шауып келеді» жаттығуы.

4) Сергіту және сөйлеу әрекеті

  • Тақтаға ілінген суреттерді атау.
  • Сөздер: қызылша, қызанақ, қызғалдақ, қарбыз, қауын, үкі, бүркіт.
  • Осы сөздерді қатыстырып оқушыларға сөйлем құрату.

5) Жеке тапсырмалар

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Көп нүктенің орнына ы немесе і дыбыстарының тиістісін қою.
  3. Ы / І дыбыстарынан басталатын сөздердің тұсына + белгісін қою.

6) Ұсақ моторикамен жұмыс

Шырпы көмегімен Ы және І дыбыстарының әріптерін құрастыру.

қол моторикасы зейін кеңістіктік ойлау

7) Сабақты бекіту

  1. Бүгін сабақта қандай дыбыстарды өттік?
  2. Ы мен І дыбыстарын қалай ажыратуға болады?
  3. Сабақ ұнады ма? Неліктен?

8) Үй тапсырмасы және қорытынды

Үй тапсырмасы: Ы және І дыбыстары кездесетін сөздерден сөйлемдер құрастыру, дұрыс айтуға жаттығу.

Қорытынды: оқушылардың жауаптарын тыңдап, негізгі айырмашылықтарды қайта нақтылау.