Пәнаралық байланыс

Сабақ жоспары

Бұл сабақ жоспары зат есімнің септелуі тақырыбын меңгертуді көздейді. Оқушылар септік жалғауларын танып, олардың сұрақтарын дұрыс қолдануға үйренеді.

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің септелуі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау

Оқу мақсаттары

Білімділік

Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру; септік жалғауларын таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту.

Дамытушылық

Топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау және зерделеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа және ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Септіктер кестесі
  • Суреттер
  • Жетіген музыкалық аспабы

Пәнаралық байланыс

  • Ән-әуен
  • Математика
  • Сурет
  • Ана тілі

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу және сабаққа назарларын аудару.
    • Оқушыларды топқа бөлу.
  2. II

    Үй тапсырмасын сұрау

    • «Орнын тап» ойыны.
    • Кесте толтыру.