Наурыз бата
Сабақтың тақырыбы
«Қош келдің, Наурыз!» (презентациясымен)
Мақсаттары
- Оқушыларға Наурыздың жыл басы екенін, оның діни мереке емес, ұлттық мереке екенін тарихи маңызымен түсіндіру.
- Ата-бабадан ұрпаққа жалғасқан ұлттық тәрбиенің мәні туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері
- Наурыздың өзге мерекелерден айырмашылығын таныту.
- Салт-дәстүрді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке және мәдениеттілікке баулу.
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
- 1 Ұйымдастыру.
- 2 Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.
- 3 Кіріспе сөз, мазмұнды бөлім, қорытынды тілек.
Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат алып, балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелейміз. Сондай-ақ имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етеміз.
Мұғалімнің құттықтауы
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Бұл мереке күн мен түн теңелетін 22 наурызға сәйкес келеді. Наурызда наурыз көже дайындалады. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жарапазан туралы түсінік
Ұлы мереке тек жақсылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларды қарсы алайық.
Бұрын жарапазаншыларға риза болған жұрт құрт-ірімшік ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал байлаған.
Айтамыз жарапазан отбасыңа,
Тілейміз денсаулықты бас-басыңа.
Тілесек денсаулықты бас-басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
(Сый-сияпат беріледі.)
Қыдыр түні және Наурыз дәстүрі
Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды деген сенім бар. Сондықтан бұл түн Қыдыр түні деп аталады.
Қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай, күріш), аққа (сүт, шұбат, қаймақ), кәусар бұлақ суына толтырған.
22 наурызда күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкендер ақ тілек айтып, бата береді.
Мерекелік бағдарлама
Жүргізушілердің құттықтауы
Жүргізуші: Бекзада
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар!
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған —
Балғын шақтың бақытты балалары.
Күй: «Ата толғау» (Н. Тілендиев)
Жүргізуші: Айсәуле
Ұлыстың ұлы күнінде
«Оң болсын!» — деп, ұлысың.
Төс түйісіп көрісер,
Көжедегі ырысын көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу — татулықтың нышаны, ал көжені бөлісу — тоқшылықтың белгісі.
1-жүргізуші: Бекзада
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
2-жүргізуші: Айсәуле
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Көптен күткен Наурыз мерекесі келді. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші: Бекзада
Наурыз келсе — құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық!
2-жүргізуші: Айсәуле
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың, ару көктем!
Шақырады бәрімізді бірлікке.
Ән мен тілек
Көктем ару (Әзима)
Армысыздар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
Ән: «Наурыз» (әні: М. Ілиясов)
Көрініс: Күн мен Түн
Күн (Мөлдір)
Сәулесі мол Күнмін.
Түн (Асылжан)
Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп
Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн
Ал ертең — күн ұзақ.
Күн
Түн қысқарар, бірақ.
Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.
Оқушылардың өлең шумақтары
Бекзат
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден —
Құтты болсын, Наурыз!
Асылжан
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Диана
Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Наурыз
Сағынтып келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Мөлдір
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы — береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!
Наурыз белгілері
Дәстүр мен ырымдар
- Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермей, сатпайды; мұны «наурыз төл» деп атайды.
- Көктемде ұшып келетін құс — наурызкөк.
- Наурыз шешек — өте бағалы өсімдік, Қызыл кітапқа енген.
- Наурыз күні қар жауса, «нұр жауды, жыл жақсы болады» деп қуанып, оны «наурызша» деп атаған.
- Бұл күні 7 түрлі дәмнен наурыз көже пісіріледі.
Наурыз тілек
Әр адам өзіне, отбасына, жақын туыстары мен дос-жарандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілек тілейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп, дәм татады.
Наурызнама
Наурызнама — шат-шадыман ойын-сауық думаны. Бұл күні үлкен-кіші түгел жиналып, көңілді ойындар ойнап, жарыс ұйымдастырады. Шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатаң тыйым салынған. Ат жарыс, палуан күрес, ән, өлең, наурыз жырлары орындалады.
Наурыз бата
Бата — халық қазынасы. Наурыз батасы наурызнама өткізгендерге, наурыз көжеге шақырған жандарға, тойда өнер көрсеткен ақындарға, әншілерге, палуандарға беріледі.
Қорытынды тілек
Оқушы: Дамир
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз той!