Тапқырлар сайысы
Сайыстың мақсаты
- Оқушылардың математика сабақтарында алған білімін жинақтап, жүйелеу.
- Есеп шығаруда қажетті ережелерді тиімді қолдануға үйрету; математикалық тілде сауатты сөйлеп, ойын ашық жеткізу дағдысын қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Көңілді, тапқыр, білгіштер өнерін ортаға салады.
Кім білімі терең, ізденісі мол болса — бүгінгі кештің жеңімпазы да сол болмақ.
Есептен сайысады төрт топ. Ең мықтысы осы жолда озып шығады.
Көпшілік өнерлерін тамашаламақ. Ендеше топтарды ортаға шақырайық.
Сайыс бөлімдері
-
1-бөлім
Таныстыру
-
2-бөлім
«Кім қырағы?»
-
3-бөлім
Тіл-өнер
-
4-бөлім
Жорға
-
5-бөлім
Тапқырлар сайысы
-
6-бөлім
Жанкүйерлер сайысы
-
7-бөлім
Қорытынды
1-бөлім. Таныстыру
«Арифметика» тобы (8 «А»)
Армысыздар, ұстаздарым, құрдас-құрбым! Математика сайысына келіп тұрмыз. Басталды «Математика» атты сайысымыз — біз жайлы таныса отырыңыз.
Біз — 8 «А»-ның тапқырлары: Динара мен Анар. Тобымыздың атауы — «Арифметика». Математика ғажайыбын бірге ашайық! Апталықта жеңілсек те, алға ұмтылып самғайық.
«Пифагор» тобы (8 «Б»)
Армысыздар, көрермендер мен қазылар! Осы апталыққа дайындаған ойымыз бар. Бүгінгі байқауда өз бағымызды сынап көрмекпіз.
Біз 8 «Б» сыныбынан келдік: Бауыржан мен Айдана. Ұстаздар еңбегінің арқасында білімімізді шыңдап, бұл сайыста «Пифагор» тобы ретінде бақ сынаймыз.
Сонымен қатар сайысқа «Тапқырлар» және «Алғырлар» топтары қатысады.
2-бөлім. «Кім қырағы?» сайысы
Шарты
Интерактивті тақтадан математикалық терминдер көрсетіліп, кейін жасырылады. Әр топ терминді дұрыс атап, оның анықтамасын береді.
3-бөлім. Тіл-өнер
Шарты
Оқушылар мақал-мәтелдердің айтылмай қалған бөлігін табады және оны орыс, ағылшын тілдеріне аударады.
Тапсырмалар
- 1) … — жылда ел жаңа (Елу — …)
- 2) Ағайын — алтау, ана — …
- 3) Батыр бір өледі, қорқақ … өледі
- 4) Қызға … үйден тыйым
- 5) Айдағаным — … ешкі, ысқырығы жер жарар
- 6) Екі елі ауызға, … елі қақпақ
- 7) Ат баспаймын деген жерін, … басады
- 8) Бір тал кессең, … тал ек
4-бөлім. Жорға
Жүргізуші
«Ақынжанды болмаған — математик те бола алмас. Жақсы шумақ туылмай — көңілге әсте қона алмас». Осы бөлімде оқушылардың математика пәні бойынша білім деңгейі анықталады.
7-сынып сұрақтары
- Тік бұрыш неше градус?
- Шаршының неше қабырғасы бар?
- Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер қалай аталады?
- 0-ден үлкен сандар қалай аталады?
- a² + b² = ?
- Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем қалай аталады?
- «Геометрия» қай тілден енген сөз?
- Периметр деп нені айтамыз?
- «Алгебра» қай тілден енген сөз?
- Сыбайлас бұрыштардың анықтамасы қандай?
8-сынып сұрақтары
- Пифагор теоремасын тұжырымда.
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп нені айтамыз?
- Жазыңқы бұрыш неше градус?
- Қиылыспайтын түзулер қалай аталады?
- Катет қай үшбұрышта болады?
- D = ?
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп нені айтамыз?
- Үшбұрыштың ауданының формуласын айт.
- Трапецияның ауданының формуласын айт.
- Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?
5-бөлім. Тапқырлар сайысы
Логика мен тапқырлықты талап ететін қызықты сұрақтар:
- Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұр. 48 сағаттан кейін күннің көзін көруге бола ма?
- 86 санын қағазға жазбай-ақ 12-ге арттыр.
- Алманың жартысы неге ұқсайды?
- Жылдың неше айында 28 күн бар?
- Бір таяқтың неше ұшы бар?
- 188-ді екіге бөлсек, 100 шығады. Қалай?
- Үш түйеқұс ұшып барады. Аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі қалды?
- Үстелдің бір бұрышын кессең, неше бұрышы қалады?
6-бөлім. Жанкүйерлер сайысы
Шарты
Әр топтан 2 жанкүйер ортаға шығып, математикалық терминдер тізбегін құрастырады: бір терминнің соңғы әрпі келесі терминнің алғашқы әрпі болуы керек.
7-бөлім. Қорытынды
Қорытынды сөз
Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалып, сайыстың қызығын көпшілік бірге тамашалады.
Тәрбиелік мәні зор, тәлімі мол бұл басқосу жүректерге жақын әсер қалдырды.
Енді әділқазылар алқасы сайыстың нәтижесін шығарып, жеңімпазды анықтайды. Мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталады.
Келесі қадам
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Марапаттау
Жеңімпаздар анықталып, марапаттар табысталады.