Санды өрнектерді салыстыру

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Самбетова Айнұр

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Санды өрнектерді салыстыру

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Слайд
  • Мультфильм үзінділері
  • Сөзжұмбақ
  • Логикалық тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: оқушыларға сандарды салыстыру мен санды өрнектерді салыстырудың айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; туған жерін, табиғатын сүюге, қорғауға және көркейтуге атсалысуға баулу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық мәтіні

Ғылымның сырын ұғына,

Шығамыз білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізсін тек біздерді

Математика сырына.

Мұғалім: «Балалар, қазір қандай сабақ?»
Оқушылар: «Математика.»

Өткенді пысықтау (доп лақтыру әдісі)

Оқушылар бір-біріне доп лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап береді. Қайталанатын негізгі өлшем бірліктері:

1 дм = 10 см

1 тәулік = 24 сағ

1 ғасыр = 100 жыл

1 апта = 7 күн

1 сағ = 60 мин

1 жыл = 12 ай

Жұптық жұмыс: үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар көршісімен жұптасып, үй тапсырмасын өзара тексереді.

Үй жұмысы (мысал)

Салыстыру

71 ☐ 40

Салыстыру

10 ☐ 13

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сөзді табу

Сұрақ-жауап арқылы сөзжұмбақ шешіліп, нәтижесінде бір керемет сөз шығады.

  1. Ұзындық өлшемінің бірлігі.
  2. «Кеміту» сөзіне мағыналас сөз.
  3. «Жақын» сөзіне мағыналас сөз.
  4. Математикадағы x әрпі нені білдіреді?
  5. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш қалай аталады?
  6. Барлық қабырғалардың қосындысы нені білдіреді?

Саяхатқа дайындық: «Кім тапқыр?» ойыны

Мұғалім: «Балалар, саяхатқа шығатын адам қандай болуы керек?»
Оқушылар: «Күшті, шымыр, шапшаң, білімді, тапқыр болуы керек.»

Тапсырма

Қосу және азайту амалдарының компоненттерін атаңдар.

30 + 5

89 − 80

50 − 7

67 − 7

38 − 8

14 − 6

Мультфильммен байланыс: «Саяхатшы Дара»

Мұғалім: «Балалар, мына заттар бізге таныс па?»
Оқушылар: «Иә.»

Мұғалім: «Бұл қай мультфильмнен алынған?»
Оқушылар: «Саяхатшы Дара.»

Экраннан «Саяхатшы Дара» мультфильмінен қысқаша үзінді көрсетіледі.

Боти орманда адасып, өз үйін таба алмай жүр. Дара мен Ботиге көмектесу үшін балалар бірге саяхатқа шығады. Алдымен көпірден өту керек. Көпірден өту үшін «ашулы тролльдің» жұмбағын шешу қажет.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}