Түбір сөз

Лексика және морфология туралы ұғым

Морфология (грекше morphe — «форма, тұлға», logos — «ілім») — сөз туралы грамматикалық ілім. Морфологияның негізгі зерттеу нысаны — сөз: оның құрамы, сөз таптары, жасалу жолдары және түрленуі.

Назар аударыңыз: Морфологияда сөздің лексикалық мағынасы емес, грамматикалық мағынасы қарастырылады. Ал лексикология тілдегі барлық сөздің мағынасын ашуды мақсат етеді.

Сөз құрамы: дара және күрделі сөз

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Сөздердің жасалу жолдары мен түрленуі олардың құрылымын айқындайды.

Дара сөз

  • 1) Түбір сөз
    Мағынасы бар ең бастапқы бөлшек: ауыл, адам, оқу, арман.
  • 2) Туынды сөз
    Түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады: ауылдық, адамгершілік.

Күрделі сөз

Екі немесе одан да көп түбірден құралады. Жасалуына қарай 4 түрі бар:

  1. 1) Біріккен сөз
    Екі не одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, бір сұраққа жауап береді.
    а) Түбірлері сақталып бірігеді: жолсерік (жол+серік), сенімхат (сенім+хат).
    ә) Сыңарлары өзгеріп кірігіп бірігеді (кіріккен сөз): биыл (бұл жылы), жаздыгүні (жаздың күні), сексен (сегіз он).
  2. 2) Қос сөз
    Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалады.
    Қайталама
    жүзбе-жүз, бірте-бірте, қора-қора
    Қосарлама
    кәрі-жас, барып-келіп
  3. 3) Қысқарған сөз
    Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі:
    БҰҰ — Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚарМУ — Қарағанды мемлекеттік университеті М. Ә. — Мұхтар Әуезов мм — миллиметр
  4. 4) Тіркескен сөз
    Екі не одан көп сөз тіркесіп, бір ұғымды білдіреді:
    Күрделі зат есім
    ауыл шаруашылығы, Республика алаңы
    Күрделі сын есім
    қызыл күрең, ақ сары
    Күрделі сан есім
    қырық үш, елу бес
    Күрделі үстеу
    тез арада, күн ілгері
    Күрделі етістік
    қаптап кетті, жатып алды

Сөз тіркесі мен тіркескен сөздің айырмасы

Сөз тіркесі

Ең кемі екі сөзден тұрады және әр сөз өз алдына жеке мағынаны білдіреді: ашық аспан, қоңыраудың дыбысы, қар жауды.

Тіркескен сөз

Ең кемі екі сөзден тұрады, бірақ екеуі бірге бір ғана мағынаны білдіреді: қырық жеті, қызыл күрең, сәлем салды.

Түбір және қосымша

Түбір

Сөздің алғашқы мағыналы бөлігі түбір деп аталады. Түбір басқа мағыналы сөздердің жасалуына негіз болады.

Қосымша

Қосымша — жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбірден кейін жалғанатын сөз бөлшегі. Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау.

Жұрнақ жаңа сөз жасайды немесе үстеме мағына береді, ал жалғау сөздерді байланыстырады. Жұрнақтар түбірге, әдетте, жалғаулардан бұрын жалғанады.

Сөз түрлендіруші жұрнақ

Сөздің негізгі мағынасы сақталады: апа, апай, апатай, апажан, апеке (бәрі де кім? сұрағына жауап береді).

Сөз тудырушы жұрнақ

Мағынасы басқа жаңа сөз жасайды: жаз+у (не?), жаз+ды (не істеді?), жаз+ғыш (қандай?), жаз+у+шы (кім?).

Жалғаулар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік

Зат есім мен есімдіктердің тәуелдену тұлғасы (-нікі, -дікі, -тікі)

Түбір сөзге -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларға жатады. Сұрақтары: кімдікі? ненікі?

  • Дауыстыға аяқталса: -нікі
    Сәуленікі
  • Ұяң (ж, з) және үндіден кейін: -дікі
    біздікі

Көптік жалғау

Сөзге көптік, жинақтық мағына береді және заттың ортақ екенін көрсете алады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

гүл+дер көше+лер қыз+дар кітап+тар көз+дер тіс+тер

Септік жалғаулар

Септік жалғаулар сөз бен сөздің арасын байланыстырады.

Септік Жалғаулар Сұрақтары
Атау 0
Ілік -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің кімнің? ненің?
Барыс -ға/-ге, -қа/-ке, -а/-е, -на/-не кімге? неге? қайда?
Табыс -ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н кімді? нені?
Жатыс -да/-де, -та/-те, -нда/-нде кімде? неде? қайда?
Шығыс -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен кімнен? неден? қайдан?
Көмектес -мен/-бен/-пен кіммен? немен?

Жай септеу (үлгі)

Атау
ой, тас
Ілік
ой+дың, тас+тың
Барыс
ой+ға, тас+қа
Табыс
ой+ды, тас+ты
Жатыс
ой+да, тас+та
Шығыс
ой+дан, тас+тан
Көмектес
ой+мен, тас+пен

Тәуелді септеу (үлгі)

Мысал: ойым (I жақ), тасы (III жақ).

Атау
ойым, тасы
Ілік
ойым+ның, тасы+ның
Барыс
ойым+а, тасы+на
Табыс
ойым+ды, тасы+н
Жатыс
ойым+да, тасы+нда
Шығыс
ойым+нан, тасы+нан
Көмектес
ойым+мен, тасы+мен
Айырмашылық (қысқаша)
  • Барыс септік: I, II жақтан кейін -а/-е, III жақтан кейін -на/-не.
  • Табыс септік: III жақтан кейін .
  • Жатыс септік: III жақтан кейін -нда/-нде.

Тәуелдік жалғау

Заттың біреуге немесе бір нәрсеге меншікті екенін білдіреді.

Жекеше түрі

  • I жақ: -м, -ым, -ім
  • II жақ: -ң, -ың, -ің; сыпайы түрі: -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз
  • III жақ: -сы, -сі, -ы, -і

Көпше түрі

  • I жақ: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз
  • II жақ: -ларың/-лерің, -тарың/-терің, -дарың/-дерің; сыпайы түрі: -ларыңыз/-леріңіз, -тарыңыз/-теріңіз, -дарыңыз/-деріңіз
  • III жақ: -сы, -сі, -ы, -і

Тәуелдену үлгілері

Оңаша тәуелдену
  • Менің әке, дәптер+ім
  • Сенің әке, дәптер+ің
  • Сіздің әке+ңіз, дәптер+іңіз
  • Оның әке+сі, дәптер
Ортақ тәуелдену
  • Біздің әке+міз, дәптер+іміз
  • Сендердің әке+лерің, дәптер+лерің
  • Сіздердің әке+леріңіз, дәптер+леріңіз
  • Олардың әке+сі, әке+лері, дәптер+лері

Жіктік жалғау

Жіктік жалғау жалғанған сөзге даралану және салыстыру реңкін береді.

Жекеше

  • Мен: -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін
  • Сен: -сың/-сің
  • Сіз: -сыз/-сіз
  • Ол: жалғаусыз
Мысал
Мен әншімін. Сен студентсің. Сіз спортшысыз. Ол күйші.

Көпше

  • Біз: -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз
  • Сендер: -сыңдар/-сіңдер
  • Сіздер: -сыздар/-сіздер
  • Олар: жалғаусыз
Мысал
Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Сіздер спортшысыздар. Олар балықшы.

Етістіктің жіктелуі (үлгі)

Жекеше

  • I жақ: Мен отыр+мын, келе+мін
  • II жақ: Сен отыр+сың, келе+сің
  • Сіз: Сіз отыр+сыз, келе+сіз
  • III жақ: Ол отыр, келе+ді

Көпше

  • I жақ: Біз отыр+мыз, келе+міз
  • II жақ: Сендер отыр+сыңдар, келе+сіңдер
  • Сіздер: Сіздер отыр+сыздар, келе+сіздер
  • III жақ: Олар отыр, келе+ді

Сөз таптары

Тіліміздегі барлық сөз өзіне тән грамматикалық белгілеріне қарай топтарға бөлінеді. Бұл топтар сөз таптары деп аталады. Сөздер категориялық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметіне қарай ажыратылады.

1) зат есім 2) сын есім 3) сан есім 4) есімдік 5) етістік 6) үстеу 7) шылау 8) еліктеу сөз 9) одағай

Зат есім

Зат есім — заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

Құрамына қарай

  • Дара зат есім: бір түбірден (негізгі/туынды) тұрады: есептер, сандық, балалық.
  • Күрделі зат есім: кемінде екі сөзден тұрады (біріккен, қосарланған, қысқарған, тіркескен): баспана, тіл саясаты, оң-сол.

Тұлғасына (жасалу жолына) қарай

  • Негізгі зат есім: бөлшектеуге келмейтін түбір: құр, дене, сан, адам.
  • Туынды зат есім: түбірге немесе басқа сөз табына жұрнақ жалғануы арқылы: бас+тық, жау+шы.

Жалпы және жалқы

  • Жалпы зат есім: біртектес заттардың ортақ атауы: мемлекет, тау, кісі.
  • Жалқы зат есім: жекелеген атаулар: Мұрат, Іле, Қарағанды.

Деректі және дерексіз

  • Деректі: көзбен көріп, қолмен ұстауға болады: үстел, бесік, сурет.
  • Дерексіз: тек оймен, ақылмен танылады: махаббат, ақыл, жалқаулық.

Зат есім жасайтын жұрнақтар (топтап)

1) Рең мән (еркелету, кішірейту)

-й (ағай, әкей); -еке/-ке/-қа/-а/-е (басеке, Мұқа, Жәке); -тай (ағатай, апатай); -жан (апажан); -шақ/-шек (құлыншақ); -шық/-шік (қапшық); -сымақ (таусымақ); -ша/-ше (сандықша).

2) Есім сөздерден

-шы/-ші (қойшы, күйші); -шылық/-шілік (шаруашылық, кеншілік); -лық/-лік/-дық/-дік/-тық/-тік (адалдық, биіктік, жолдастық); -кер/-гер (жұмыскер, балгер); -хана, -паз, -қой, -стан, -қор (дәріхана, өнерпаз, арызқой).

3) Етістіктен

-ым/-ім (білім); -ма/-ме/-ба/-бе/-па/-пе (суырма, кеспе); -ғы/-гі/-қы/-кі (бұрғы, шалғы); -ыс/-іс (таныс, жарыс); -қ/-к/-ық/-ік/-ақ/-ек (қасық, тарақ); -ғыш/-гіш/-қыш/-кіш (ескерткіш); -н/-ын/-ін (толқын); -ынды/-інді (ерітінді); -уыш/-уіш (желпуіш); -ыр/-ір/-р (шоғыр).

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

  • Бастауыш: атау септігінде тұрып бастауыш болады.
    Күн жазға айналды, ет азға айналды.
  • Толықтауыш: атау мен іліктен басқа септіктерде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.
    Өлімнен ұят күшті.
  • Анықтауыш: ілік септігінде тұрып, өзінен кейінгі сөзді айқындайды.
    Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді, жемесең — түсіңе кіреді.
  • Пысықтауыш: барыс/шығыс/көмектес септіктерінде немесе көмекші есім, септеулік шылаумен тіркесіп келеді.
    Тасада жасырынып аман қалғанша, жазыққа шығып өлген артық.
  • Баяндауыш: жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.
    Өре табылса — шабақ, талқан табылса — тамақ.

Көмекші есімдер

Лексикалық мағынасы солғындап, сөйлемде басқа зат есімнің жетегінде қолданылатын сөздер көмекші есімдер деп аталады: сырт, іш, маң, алды, арты, үсті, қасы, жаны т.б.

Көбіне көмекші есімдер тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады: Ауылдың жаны.

Сын есім

Сын есім — заттың түрін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

Құрамына қарай

  • Дара: бір сөзден тұрады: тайғақ, тұнық, әдепті, ашық.
  • Күрделі: тіркесу не қосарлану арқылы: жирен қасқа, апалы-сіңлілі, шұбар ала.

Тұлғасына қарай

  • Негізгі: қосымшасыз түбір: жалқау, зерек, үлкен.
  • Туынды: жұрнақ арқылы: еңбек+қор, зейін+ді, өнер+паз.

Мағынасына қарай

  • Сапалық: заттың төл сапасын білдіреді: тәтті, жалпақ.
  • Қатыстық: басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалады: саз+ды әуен, шек+сіз қуаныш, от+ты жандар.

Қатыстық сын есімнің негізгі морфологиялық белгісі — сын есімге айналуы тек жұрнақ арқылы жүзеге асады.

Туынды сын есім жұрнақтары (қысқаша)

  • Есім сөздерден: -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті; -сыз/-сіз; -ғы/-гі/-қы/-кі; -лық/-лік; -шыл/-шіл; -дай/-дей; -қор/-кер/-паз т.б.
  • Етістіктен: -ғақ/-гек/-қақ/-кек; -ық/-ік; -ғыш/-гіш/-қыш/-кіш; -ғыр/-гір; -шақ/-шек; -ымды/-імді; -ыңқы/-іңкі т.б.
  • Үстеуден: -ғы/-гі/-қы/-кі (кешегі, бұрынғы).

Сын есімнің шырайлары

1) Жай шырай

Заттың қалыпты белгісін білдіреді: көрікті, жарық, білімді.

2) Салыстырмалы шырай

Бір заттың белгісін екіншісімен салыстырады. Жасалуы: -ырақ/-ірек/-рақ/-рек, -лау/-леу/-дау/-деу/-тау/-теу және т.б.

3) Күшейтпелі шырай

Күшейткіш буын арқылы жасалады: түп-түзу, боп-бос, қап-қатты.

4) Асырмалы шырай

Күшейткіш үстеулермен тіркеседі: аса биік, тым нашар, ең үздік.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
  • Анықтауыш: Көгілдір аспан аясында шуақты күн бейнеленген.
  • Баяндауыш: Бүгін ауа райы суық.
  • Толықтауыш (заттанып): Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
  • Бастауыш (заттанып): Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
  • Пысықтауыш: Ол әнді жақсы айтады.

Сан есім

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

Құрамына қарай

  • Дара: бір түбірден: бес, жүз, мыңыншы, ондаған.
  • Күрделі: кемінде екі сөзден: он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан бесінші.

Мағыналық түрлері (6 түр)

  1. 1) Есептік: нақты сан (қанша? неше?) — бес, он үш, екі мың жеті.
  2. 2) Реттік: реттік қатар (нешінші?) — -ыншы/-інші/-ншы/-нші: бірінші, тоғызыншы.
  3. 3) Жинақтық: жинақталған сан (нешеу?) — 1–7 аралығына -ау/-еу: біреу, екеу, үшеу.
  4. 4) Болжалдық: шамамен сан
    -даған/-деген/-таған/-теген, -дай/-дей; көптік+септік (отыздарда); шақты/жуық (он шақты, жүзге жуық); қосарлану (екі-үш, 20–30).
  5. 5) Топтау: топтап көрсету (нешеден?) — шығыс септік: үштен, екеуден, он-оннан.
  6. 6) Бөлшектік: бөлшек сан — екі жарым, екіден бір.

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

  • Анықтауыш: Қазақстанда он төрт облыс бар.
  • Баяндауыш: Әжемнің жасы да — сексенде.
  • Толықтауыш (заттанып): Асқар мен Дана екеуіне жетті.
  • Бастауыш (заттанып): Жеті — қастерлі ұғым.
  • Пысықтауыш: Жаңа фильмді бірінші болып көрдік.

Есімдік

Есімдік — зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы.

Мағыналық түрлері

  • Жіктеу: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
  • Сілтеу: сол, мынау, анау, бұл.
  • Сұрау: кім, не, неше, қайда, қайдан.
  • Өздік: өз (өзім, өзің, өзіне, өзіміз).
  • Жалпылау: барлық, бәрі, күллі, барша.
  • Белгісіздік: кейбіреу, қайсыбір, әлденеше, әлдеқайда.
  • Болымсыздық: ешбір, ешкім, ешқайда.

Есте сақтайтын қысқа қағида

Есімдік нақты атауды атамай-ақ, адамды, затты, белгіні, санды меңзейді немесе олардың орнына қолданылады. Сондықтан ол мәтінде қайталануды азайтып, ойды ықшамдайды.