Балалардан мың алғыс
Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»
Қатысушылар
Ересек топ балалары
Жүргізуші
Тәрбиеші
Кейіпкерлер
- Капитан (тәрбиеші)
- Білім ханшайымы
- Мыстан кемпір
Кіріспе
Музыка ырғағымен залға ересек топ балалары кіреді.
Тәрбиешінің сөзі
Ардақты ата-аналар, құрметті әріптестер! Бүгін ересек топтың «Білім еліне саяхат» атты ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін мектепке барғалы отыр. Сіздерді осы мерекелік кешті тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиешінің арнауы
Айналайын балалар,
Сендерде ой-сана бар —
Өздеріңнен өседі.
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Бітіруші баланың сөзі
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Балалардың өлеңі
Біз балғынбыз, балдаймыз,
Онда жақсы күйдеміз.
Тоты құстай түрленіп,
Ән саламыз және біз.
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салдым, жүгірдім.
Өсті талап-талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Біз балғынбыз, балдаймыз,
Балабақшаны қимаймыз.
Шымыр болып өсеміз,
Ойындарды таңдаймыз.
Әткеншекке тербеліп,
Өрлеп көкке самғаймыз.
Білім ханшайымымен кездесу
Тәрбиеші балаларға бүгін қонақ келетінін айтады. Есік қағылып, қолында сандықшасы бар Білім елінің ханшайымы кіреді.
Білім ханшайымының сөзі
Құрметті балабақшамен қоштасушы балалар, үлкен мерекелеріңмен құттықтаймын! Сендер ер жетіп, есейдіңдер, енді 1-сынып оқушысы атанғалы отырсыңдар. Мен — Білім елінің ханшайымымын. Сендерді қонаққа шақырамын. Бірақ маған жету оңай емес: қиындықтардан өтіп, талай сыннан өту керек. Ол үшін шыдамдылық, батылдық, қажыр-қайрат пен талап қажет. Менің еліме тек кемемен ғана келуге болады. Сендерге мына кемені сыйлаймын.
1-тапсырма: Кеменің атын оқу
Кемеге отырмас бұрын оның атын оқу керек. Балалар кеспе әріптерден құралған сөзді оқиды:
Сұрақ
Кемеде барлығы кімге бағынады?
Жауап
Капитанға.
Капитанның бұйрығы
«Бәрің менің бұйрығымды тыңдаңдар! Экипаж! Кемеден орын алыңдар!»
Кеден бекеті: жұмбақтар әлемі
Көңілді әуен ойнап тұрады. Залда «Кеден бекеті» деген жазу орнатылады. Бұл бекеттен тек жұмбақты дұрыс шешкен балалар ғана өте алады.
Жұмбақтар
-
Тілі бар да үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен.
Көзбен шалсам бір рет,
Не дегенін түсінем. (Кітап) -
Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі. (Қарындаш) -
Үстінде есігі,
Өзі орындық әрі үстел — оқушылар бесігі. (Парта) - Оқушыға күнде еріп жүретін кім? (Сөмке)
-
Бұрылса болды қақпағы,
Дер кезінде айқайға салады. (Сағат)
Маңызды ой
Қоңырауы шырылдайтын сағат — сендердің жақын достарың. Ол уақытты қадірлеуге үйретеді. Тек жалқаулар ғана оның дауысын естімеу үшін басын жастықтың астына жасырады.
Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»
Екі бала орындықта отырып «ұйықтайды» (аяқ киімі шешулі). Қоңыраулы сағат шырылдағанда кім тез аяқ киімін киіп, гүл шоғын алып, сөмкесін бірінші асынып үлгерсе — сол жеңімпаз.
Мыстан кемпірдің келуі: әзіл мен ақыл
Би аяқталған соң залға Мыстан кемпір кіреді.
Мыстан кемпірдің сөзі
Иә, иә, балалар, мені күтіп жүрген шығарсыңдар. Мендей әдемі, сұлу кемпірді күтпегенде,
кімді күтеміз? Сәлемдесіп кетейін деп келдім.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Толқындар мен самал жел маған хабар әкелді: сендер мектепке барады дейді, солай ма?
Қартайдым, құлағым да дұрыс естімейді... Шыныңды айтыңдар: мектепке барасыңдар ма?
Капитанның түсіндіруі
Капитан қоңыраудың не үшін керек екенін түсіндіреді: қоңырау сабаққа шақырады, сабақ біткен соң қайта сыңғырлап, үзіліс болатынын білдіреді.
Мыстан кемпірдің «әні» (әзіл)
Мен әдемі кемпірмін,
Зейнетақы аламын.
Мектеп деген «бәледен»
Тонымды алып қашамын.
Оқымай-ақ, балалар,
Зейнетке шығыңдар.
Ұйқың қанып тұрасың,
Ойын-сауық құрасың.
Капитанның жауабы
«Қойыңыз ондай сандырақты. Бұлардың өмірі алда — мектепке барып, жақсы оқып, үлкен азамат болады. Мұнда отырып балалардың өнерін тамашалаңыз».
Өлең
Мерекеде думан бар,
Сайранда туыс-туғандар.
Бақытты болып жыл сайын,
Осылай басты қосайық.
Өлең
Білемін бақшаға
Зыр қағып ұшамын.
Ұмытпаймын балабақшаның
Мейірімді құшағын.
Қоштасу сәттері: кішкентай достар және ойын
Мектепке бармайтын кішкентайлардың тілегі
Мен ойынпаз мысықпын,
Мейірімді, пысықпын.
Мектепте мені ойлаңдар,
«Мысық-тышқан» ойнаңдар.
Көзі шамдай күшіктің
Көп ойынға түсінгін.
Сендермен енді қоштасам,
Бөбектермен достасам.
Добым менің, добым менің,
Өзі неткен көңілді едің.
Зымырайсың, құтыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Ойын: «Ойыншықтарды кім тез жинайды?»
Ойынды Мыстан кемпір жүргізеді. Ойын соңында ол балалармен қоштасып, шығып кетеді.
Алғыс айту: балабақша ұжымына құрмет
Басшылыққа алғыс
Орын берген бақшадан,
Меңгеруші — жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін
Өзіңіз артық басқадан.
Әдіскер, сізге де
Алғыс айтып қимай барамыз.
Қабыл алыңыз мына сөзімді,
Әрқашан ажарлы болып жүріңіз.
Күнделікті еңбекке мың алғыс
Ойыншық та, кесе де,
Шанышқы мен тәрелке,
Орындық, шкаф, төсек те —
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін тауып беріп,
Шаршамай, күліп жүретін жандарға —
мың алғыс!
Төсек-орын тап-таза,
Аппақ болып жуылған сүлгісі.
Тазалыққа жауапты жандарға да —
балалардан мың алғыс!
Тәтті тамақ пісіретін,
Айран-сүтін ішкізетін
аспазшы апайларға —
мың алғыс!
Естелік сөздер мен өнер
Балалардың ортақ ойы
Қуанамыз, сыйлаймыз — қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимаймыз, қоштасатын кез келді.
Билеп-билеп, ән салып,
Қызықтарға қанықтық.
Ертегілер тыңдадық,
Талай сырды ұғынып.
Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән салып,
Оқып-жазып үйрендік.
Қоштасу өлеңдері
-
Сүйген өз қыз, өз ұлың —
«Бөбегім» деп аялай.
Балабақша — өз үйім,
Апай болды анамдай. -
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында. -
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенен алдым өнерді.
Мен мектепке барамын,
Балабақша, қош енді! -
Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл-қызым,
Анамыздай ерекше —
Қоштасамыз біз бүгін. -
Баулап, баптап өсірдіңіз,
Бұзықтық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді —
сіздерге мың алғыс!
Музыка жетекшісіне алғыс
Біздің балабақшада
Ән үйретті жақсы апа.
Тақпақ айттық, би биледік —
Өнерге толы әр сабақ.
Сізге мың алғыс!
Қорытынды бөлім
Қоштасу сөздері
-
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз. -
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен
Балабақшамызды қимаймыз. -
Алдымыздағы балалар
Мектепке кетіп барады.
Сұрақ қойып, жауап алып,
Дайындығын қарады.
Сөз кезегі
Қорытынды бөлімде меңгерушіге және ата-аналарға сөз беріледі.