Сезім мүшелері - анализаторларСабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың сезім мүшелері туралы білімдерін жетілдіру

Сабақтың тақырыбы

Сезім мүшелері — анализаторлар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сезім мүшелері туралы білімін тереңдету және жүйелеу.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылығын арттырып, бақылау, салыстыру және талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

  • Көз, құлақ, тіл, мұрын суреттері.
  • Ойынға арналған заттар: ащы құрт, тәтті кәмпит, ерлер мен әйелдерге арналған әтір, әртүрлі тұрмыстық бұйымдар.
  • Үй тапсырмасын бекітуге арналған ми бөлімдері көрсетілген суретті тапсырма.

Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдері

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Суретпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Жазбаша жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау сұрақтары

  1. 1Ми бөлімдерін атаңдар.
  2. 2Адам миының өзіне тән қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
  3. 3Ер адам мен әйел адамның миында айырмашылық бар ма? Болса, қандай?
  4. 4Мидың сұр заты мен ақ заты туралы не білесіңдер?
  5. 5Ми қыртысы дегеніміз не?

Қорытынды тапсырма

Үй тапсырмасын қорытындылау үшін ми суреті бейнеленген тапсырма таратылады. Суретте көрсетілген ми бөлімдерінің атауларын оқушылар анықтап, жазып шығады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Қызығушылықты ояту: «Кім сезгіш?» ойыны

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін олардың көзін байлап, қысқа уақыт ішінде берілген заттарды сипап сезу, иіскеу және дәмін тату арқылы атауын табу ұсынылады. Осы тапсырма арқылы сезім мүшелерінің күнделікті өмірдегі маңызы айқындалады.

Сезім мүшелері және олардың қызметі

  • Көз — көру мүшесі.
  • Құлақ — есту мүшесі.
  • Мұрын — иіс сезу мүшесі.
  • Тіл — дәм сезу мүшесі.

Анализаторлар туралы жалпы түсінік

Сыртқы және ішкі ортаның әсерлерін қабылдап, талдап, сол әсерлердің жағдайы туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар деп атайды.

Организмдегі анализаторлар түрлері

Адам организмінде жеті түрлі анализатор бар:

  • Көру
  • Есту
  • Иіс сезу
  • Тері (сипап сезу)
  • Қозғалыс
  • Дәм сезу
  • Висцеральды (ішкі мүшелерге қатысты) жүйе

Анализаторлардың құрылысы: 3 бөлім

  1. 1 Рецепторлық (перифериялық) бөлім — сезім және ішкі мүшелердегі рецепторлар; тітіркендіргіш әсерін қабылдап, оны қозуға айналдырады.
  2. 2 Өткізгіш бөлім — рецепторда пайда болған қозуды ми қыртысына жеткізетін сезгіш жүйкелер (жүйке жолдары).
  3. 3 Орталық (қыртыстық) бөлім — ми сыңарлары қыртысындағы сезім орталықтары (сезім аймақтары).

Маңызды тұжырым

Алғашқы, ең қарапайым сандық және сапалық талдау анализатордың рецепторлық бөлімінде жүзеге асады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Биологиялық диктант

И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген __________ негізгі үш: __________, __________ және __________ буынынан тұрады.

__________ — көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.

Дұрыс жауаптары

  • И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген анализатор негізгі үш буыннан тұрады: рецепторлар, жүйке жолдары және ми орталығы.
  • Сезімтал мүшелер — көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.

V. Үйге тапсырма

Анализаторлар туралы қосымша ақпарат ізденіп келу (құрылысы, қызметі, мысалдар).