Еленбей самайда шық, отырасыңжанардың жайып салып қуанышын
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Анамен қоштасу
Анажан, егілме сен, елжіреме,
жас құсың қанат қақты енді міне.
Аттасам алыстағы қиырларға,
жүр екен әлде неғып деп жүдеме.
Мен болып қуанышың, жанған бағың,
жүресің жоқтай саған жалғанда мұң.
Қарағым қашан жігіт болады деп,
өзгенің ұлын көріп армандадың.
Сездірмей өтеді екен жыл ағысын,
талдырмаш жігіт болды бұла мүсін.
Еленбей самайда шық, отырасың
жанардың жайып салып қуанышын.
Сүймедің, жылап келсем жаттан ығып,
айтпадың жақсы бол деп ақтарылып.
Бірақ мен сенің барлық жан - күйіңді
өстім ғой жанарыңнан жаттап ұғып.
Тау асып шапқылаған бұлақтардай,
мені арман шақырады жырақ, шалғай.
Сен мені күліп тұрып шығарып сал,
күйзеліп өз - өзіңнен, жылап қалмай.
Болса деп бір азамат ақтар үміт,
тырыстың өсіруге ел мақтаны ғып.
"Ұлдары жасық болса, қыр анасы
намыстан алады, - деуші ең, - жақтан ұрып".
Туғанда мынау жастық шақтар күліп,
құнысып бишарадай жатпан бұғып.
Өмірдің шатқалына жеке тарттым,
қатерден өзің күткен сақтар да үміт.
Жаныма сеніміңді серік қыл да,
сал мені жабырқамай аттандырып!
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Мағжанның өлеңдері туралы
М. Жұмабаев
Нан өімдерін өндіру технологиясы
Сағи Жиенбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны, шығармалары
Тері саңырауқұлағы (Грибок)
Мал буаздығына азық сапасының әсері
Қашықтықтан оқыту
Ғашықтар күні
Ашық валюталық позиция лимиттері
Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!
Орта жүздің Қанжығалы, арғын руынан шыққан
Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға
Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан
Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы - 1881, сонда) - би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан
Кіші жүздің Табын руынан шыққан
Құлшыораз Бигелдіұлы, Құлшыораз батыр, Әлшораз - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан, Бағалақ аталығынан шыққан батыр