Сырларындай түсінген бала сырын

Мақсат пен мазмұн

Бұл сайыс-сабақтың негізгі мақсаты — ән-жыр, терме, күй арқылы ой-сананы сергітіп, қазақы болмысты қалыптастыру. Өнер туралы мағлұматты тереңірек түсіндіре отырып, оқушыларды ұлтын сүюге, қадірлеуге және сезіне білуге тәрбиелеу көзделеді.

Тәрбиелік бағыт

Туған жері мен Отанын қастерлеп сүюге баулу, ұлттық құндылықтарды ардақтау.

Дағды қалыптастыру

Сайыскер оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойын анық жеткізуге, ізденімпаздыққа үйрету.

Сабақтың барысы

Сайысқа қатысушылар ұлттық киіммен сахна төріне шақырылады. Үш топ өнердің үш арнасын танытады: ән, күй, терме. Әрбір бөлім оқушылардың өнерге деген құрметін тереңдетіп, ұлттық рухты күшейтуге бағытталады.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!

Сырларын айқын түсінген бала сырын,
Білімнің бағыштаған бар асылын.
Аяулы ұстаздар, армысыздар!

Болашағымыз — балалар деп ел сенген,
Тәуелсіздігіміздің туын биікке көтеріп,
Білімнің тереңіне оймен енер —
Өнерлі өрендер, бармысыздар!

ХХ ғасырдың ұлы жемісі — қазақ халқы үшін егемендіктің көк туының желбіреуі. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік мерекесіне 20 жыл толғалы отырған — ұлы қуаныш.

Бабалар арманының жалғасымыз,
Ел көркі — ерке Есілдің арнасымыз.
Танытқан қазақ елін бар әлемге —
Абай, Жамбыл, Мұхтарлар ұрпағы біз!

«Өнерді көп білген — дана болар» атты өнер сайысын бастаймыз. Олай болса, ортаға сайыскер топ мүшелерін шақырайық!