Топырақ түзуші факторлар
Сабақ туралы
Тақырып
§32, §35. Топырақтар (8-сынып)
Мақсат
Топырақтың маңызын оқып-үйрену.
Күтілетін нәтижелер
- A Топырақ түзетін факторларды біледі.
- B Топырақ құрылымын жіктей алады.
- C Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызына мысал келтіріп, тұжырым жасай алады.
Қажетті ресурстар
Сабақта ақпаратты түсіндіру мен бекіту үшін картографиялық және визуалды материалдар кеңінен қолданылады.
Оқу материалдары
- Оқулық
- Атлас
- Бағалау парақтары
Карталар мен көрнекілік
- Қазақстанның физикалық картасы
- Визуалды айғақтар
- Слайдтар
Сандық контент
- «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша бейнеролик
- «Қазақстанның топырақ түрлері» презентациясы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақ құрылымы оқушылардың белсенді қатысуын, өзара бағалауды және визуал арқылы ой қорытуын күшейтетін тәсілдерге негізделеді.
Сабақ барысы
Кіріспе
5 минут- Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылармен амандасу.
- Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу: қара, қоңыр, сұр.
- Бағалау парақтарын тарату.
- Үй тапсырмасын «Сен білесің бе?» әдісі арқылы сұрау.
Жедел сұрақтар
- Қазақстандағы ең үлкен өзен қайсы?
- Қазақстандағы жалғыз ағынды көл қайсы?
- Қазақстандағы су қоймаларын ата және картадан көрсет.
- Қазақстандағы ең лай өзен қайсы?
- Қазақстанның қалдық көлдері қайсы?
Тұсаукесер
5 минутЖаңа сабаққа кіріспе ретінде «Стоп-кадр» әдісі қолданылады: оқушылар берілген суреттерге қарап, өз болжамдарын айтады.
Бағыттаушы сұрақтар
- Бұл кім?
- Жүзі таныс па?
- Бұл не?
- Суреттер арасында қандай байланыс бар?
Жауап берген оқушылар дер кезінде мадақталып, ынталандырылады.
Негізгі бөлім
25 минутТапсырма №1
12 минутМәтінмен танысып, берілген тақырыптарды SWOT әдісі арқылы талдаңыздар.
- I топ: Топырақ түзуші факторлар
- II топ: Топырақ түзудегі климаттың маңызы
- III топ: Топырақтың маңызы
Тапсырма №2
12 минутСыни ойлауға арналған сұрақтар бойынша пікірталас жүргізіңіздер және дәлел келтіріңіздер.
- I топ: Топырақтың жануарлар үшін маңызы қандай?
- II топ: Топырақтағы шіріндіні қалай көбейтуге болады?
- III топ: Топырақпен байланысы жоқ шаруашылық түрі бар ма?
Бейнематериал
1 минутОқушылардың білімін нақтылау үшін «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша қысқа бейнеролик көрсетіледі.
Авторлық мәлімет
Білім беру ұйымы
Орал қаласы, М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
Пән мұғалімі
Уйсимбаева Шұғыла Күзембаевна
Қосымша материалдар
- «Топырақтар» материалы (жүктеу)
- «Қазақстанның топырақ түрлері» слайды (жүктеу)