Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалауБілім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Мектеп оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың оқу жетістіктерін бағалап, алға ұмтылуға ынталандыратын орта қалыптастырады. Оқушының тұлға ретінде дұрыс қалыптасуында бағалаудың рөлі ерекше.
Өрлеу БАҰО АҚ филиалы (Қарағанды облысы бойынша) педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты бағдарламасы аясында ұйымдастырылған үшінші (негізгі) деңгей курстарында үйренген бағалау түрлерін өз тәжірибемде қолдануды жөн көрдім.
Жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізген сабақтарымнан түйген ойым мұғалімдерге арналған нұсқаулықта сипатталған Райан мен Декидің ішкі уәж туралы тұжырымдарымен үндеседі. Егер біз оқушылардың ішкі уәжін оятуға жағдай жасасақ, әр оқушы өзін-өзі ынталандыра алады. Соның нәтижесінде оқу үдерісіне деген ұмтылыс пен қызығушылық күшейеді.
Нұсқаулықта көрсетілгендей, оқушының білім деңгейін дамытуда әлеуметтік қолдау ұсынуда мұғалімнің рөлі айрықша. Оқушылардың өзінен көбірек білетін адамдармен диалог жүргізуге мүмкіндігі болғанда, оқыту үдерісі жеңілдейді. Бұл рөлде сыныптастары да, мұғалімі де маңызды орын алады.