Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

Тәртіп пен парыз

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

  • Адалдық
  • Құрмет
  • Жауапкершілік

Сынып

1-сынып

Ресурстар

Оқулық, интерактивті тақта, плакаттар, үнтаспа.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарын «дұрыс әрекет» құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері

  • «Тәртіп» және «парыз» сөздерінің мәнін ашу.
  • Оқушылардың жауапкершілік қасиетін дамыту.
  • Адалдыққа, құрметке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі — «Тыныштық сәті: Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.

Талқылау сұрақтары

  1. Осы кейіпкерді не үшін салдыңыз?
  2. Кейіпкердің қандай қасиеттері сізге ұнайды?
  3. Тағы қандай кейіпкерлерді ұнатасыз?

Назар аударатын тұстар

  • Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінезін дәлелмен айту.
  • Өз таңдауыңды «неге?» сұрағына жауап бере отырып түсіндіру.

3) Дәйексөз

«Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,
Үлгісімен қуантады түбінде.»
Жүсіп Баласағұни

Дәйексөзді алдымен екі рет оқып шығамыз, содан кейін оқушылар дауыстап қайталайды: ұлдар — 2 рет, қыздар — 2 рет.

Сұрақ 1

Тәртіпті бала қандай болады деп ойлайсыздар?

Сұрақ 2

Тәртіпті бала кімдерді және қалай қуанта алады?

4) Әңгімелеу

«Шымшық оқиғасы» атты әңгіме видеоролик арқылы тыңдалады.

Талқылау сұрақтары

  1. Неліктен бұл әңгіме «Шымшық оқиғасы» деп аталады?
  2. Әкесі не үшін сұрағын 3 рет қайталады?
  3. Сіз қалай ойлайсыз: ұлы әкесіне дұрыс жауап берді ме?
  4. Бала өз қателігін қалай түсінді?
  5. Сіз өз ата-анаңызды қалай сыйлап, құрметтейсіз?

5) Шығармашылық және топтық жұмыс

1-топ

«Тәртіпті оқушы» тақырыбына ауызша әңгіме құрастыру.

  • Ережені сақтау, тыңдай білу, көмектесу сияқты әрекеттерді мысалға келтіру.
  • Оқиғаның соңын жағымды қорытындымен аяқтау.

2-топ

«Әдепсіз оқушы» туралы қысқа әңгімені оқып, сахналау.

  • Қателіктің салдарын көрсету.
  • Дұрыс әрекетке келудің жолын ұсыну.

6) Топпен ән айту

«Балдырған» әні

Сөзі: Рауза Архабаева · Әні: Айжігіт Асанов

Өлең

Біз кішкентай балдырған, Қылығымен таң қылған. Біздің орта көңілді, Отты үрлеп жандырған.

Қайырмасы

Қуыр, қуыр, қуырмаш, Балдырғанға құлақ ас. Секір, жүгір, тоқтама, Ой болмасын жасырмас.

Келесі шумақ

Балдай тәтті балдырған, Құмарымды қандырған. Өнер тамған саусақтан, Жоқ нәрсені бар қылған.

Қосымша мәлімет

Мектеп

№51 мектеп-гимназиясы

Мұғалім

Калдарова Гульдана Жақсылыққызы

Материал

«Тәртіп пен парыз» (жүктеу)