Менің атам

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі
Маңғыстау облысы
Қаласы
Жаңаөзен
Мектебі
№17 орта мектеп
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Сутбаев Абубакир

Сабақтың тақырыбы

Нәсіреддин Сералиевтің «Аңсау» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Аңсау» әңгімесін талдау; шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ашу; оқушыларды ауызша түрде өз ойын нақты әрі жүйелі айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымды кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, талдау дағдысын күшейту.

Тәрбиелік

Атаны құрметтеуге, адамгершілікке баулу; ата-ана мен немере арасындағы байланысты сезіндіру, мейірім мен ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен көрнекілігі

Түрі

Бекіту сабағы

Көрнекілігі

  • Н. Сералиевтің портреті
  • Топтастыру жұмысы
  • Интерактивті тақтадағы слайдтар (сұрақтар)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Слайдтағы сұрақтар әдісі бойынша тексеріледі. Әр топ өзіне берілген сұрақтарға жауап береді.

I топ — сұрақтар

  1. 1) Шығармадағы атаның есімі кім? (Қалымбет)
  2. 2) Оқиға қай айда болған? (Шілде)
  3. 3) Шығармадағы кішкентай баланың аты кім? (Ермек)
  4. 4) Ермектің жасы нешеде? (Бес жаста)
  5. 5) «Мында кел, мында тығыл» — кімнің сөзі? (Атаның)

II топ — сұрақтар

  1. 1) Қалымбет ата қай жерде тұрады? (Сырдың арғы жағындағы Мақпалкөл кеңшарында)
  2. 2) Бала қазақша қалай сөйледі? (Қазақ сөзін орысшамен араластырып сөйледі)
  3. 3) «Ермекжан өз атасына ұқсатқан ғой. Ауылдан келген сайын немереме деп бауырсақ ала келетін еді» — кімнің сөзі? (Ермектің анасының)
  4. 4) Баланың өз атасы қайда кеткен? (Қайтыс болған)
  5. 5) Шал қалаға неге келді? (Кенже баласы үйленіп, құдалыққа керек зат алуға келген)

III топ — сұрақтар

  1. 1) Қонақүй атаны неге қабылдамады? (Паспорты болмағандықтан)
  2. 2) «Есік ашқан жылы жүзді, қараторы келіншек қарияға қалың қасын көтере таңырқады» — бұл кім? (Ермектің анасы)
  3. 3) «Шіркін, немере деген тәтті-ақ» — кімнің сөзі? (Атаның)
  4. 4) «Ол күшіктер де мені сағынып жүр ме екен?» — ата кім туралы ойлап отыр? (Немерелері туралы)
  5. 5) Ермек түсінде нені көрді? (Сары бауырсақтарды)

IV топ — сұрақтар

  1. 1) Ата қай қонақүйге келді? («Сырдария»)
  2. 2) «Кемпірім талмарсың деп бес-алты түйір құрт салып еді, содан басқа ештеңе…» — кімнің сөзі? (Атаның)
  3. 3) «Бала шаттанып, шалдың алдынан секіріп түсті де… тетігін қосты» — көп нүктенің орнына қандай сөз келеді? (Теледидардың)
  4. 4) Жазушы баланы қалай суреттеді? (Қара домалақ бала)
  5. 5) Атаның арқалап жүрген заты қандай? (Қоржын)

Топ басшыларына арналған сұрақтар

  1. 1) Бала қартты не үшін үйіне ертіп әкелді? (Өз атасына ұқсатқандықтан)
  2. 2) Баланың анасы неге баласына қарттың қасында жатуға рұқсат етті? (Баланың атасын қатты сағынғанын білген соң)
  3. 3) Қалымбет қария кетіп бара жатып не үшін мекенжайын айтты? (Баланың ықыласына риза болғандықтан)
  4. 4) Бала неге қарттың қасынан шықпады? (Атасын аңсап жүргендіктен)

Ескерту: Әр топтан топ басшысы сайланады. Топ басшысы оқушылардың сабаққа қатысуын бағалап отырады (1 балдық жүйе).

III. Дәптермен жұмыс

I топ

Ата туралы мақал-мәтелдер жазу.

II топ

Бала неге қазақ тілін бұзып сөйлейді? Түсіндіріп жазу.

III топ

Баланың түсіне неге сары бауырсақтар кіреді? Өз түсінігіңді жазу.

IV топ

Тапсырма (мұғалімнің нұсқауымен).

IV. Шығармашылық тапсырма

«Менің атам» тақырыбында өз ойын ауызша айту.

V. Сабақты қорытындылау

Өтілген материал бойынша негізгі ойды жинақтау, оқушы жауаптарын талдап, қорытынды пікір айту.

VI. Оқушыларды бағалау

Әр топтағы топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

VII. Үй тапсырмасы

«Мен атамды мақтан тұтамын» тақырыбына шығарма жазу.