Өлеңдерінің тақырыптары

Атырау қаласы • Еркінқала орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы

Сабақ тақырыбы

Мұқағали Мақатаев: «Мен таулықпын!»

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларды қазақ поэзиясының алыбы атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру; жас ұрпақты поэзия нәрімен сусындату. Өлеңдерінің өзіндік табиғатын талдап, ерекшелігін аңғартуға назар аударту және өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға дағдыландыру.

2) Дамытушылық

Ізденіс арқылы дерекпен жұмыс істеуге баулу; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; логикалық ойлау қабілетін, танымын және сана-сезімін дамыту.

3) Тәрбиелік

Болашаққа сенім ұялату; Отанға, туған жерге сүйіспеншілікті күшейту; адамгершілікке тәрбиелеу. Табиғат сұлулығын түсінуге, қасиетті ұғымды қадірлеуге және ақын жырынан өнеге алуға баулу.

Сабақ туралы мәлімет

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Бейнетаспа
  • Ақынның кітаптары

Сабақтың сипаты

Түрі
Жаңа білім беру сабағы
Типі
Танымдық сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, СТО стратегиялары, сатылай-кешенді талдау

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушылармен амандасу.
    • Сыныпты топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату.
    • Сабаққа жалпы дайындық жүргізу.
  2. 2) Үй жұмысын тексеру

    І топ

    Ақынның өмірі туралы мәлімет.

    ІІ топ

    Еңбек жолы.

    ІІІ топ

    Жыр жинақтары, өлең тақырыптары.

    Жатқа айту: «Фантазия», «Барлығы да сендердікі» өлеңдері.

  3. 3) Жаңа сабақ: «Мен таулықпын!»

    Өлеңді бір рет мұғалім мәнерлеп оқиды, кейін 2–3 оқушыға оқытылады. Одан соң мәтін бойынша талдау жұмысы ұйымдастырылады.

    Өлең мәтіні бойынша сұрақтар

    • Өлеңде кім туралы айтылады?
    • Ақын тауды кімге теңейді? (Біздің асыраушы анамыз кім?)
    • Ақын «қалай дүниеге келдім» деп сипаттайды?
    • Киік қандай жануар?
    • Қыран қандай құс?
    • Табиғат пен адам байланысы қалай суреттелген?
    • Ақын қай таудың баурайында дүниеге келген?

    Слайд арқылы Алатау туралы қысқаша мәлімет беріледі, Хантәңірі шыңы туралы айтылады.

  4. 4) Әдебиет теориясы

    Гипербола (әсірелеу)

    Бір затты немесе іс-әрекетті шамадан тыс үлкейтіп көрсету.

    Мысал: «таудан жаратылғам», «киіктің сүтін еміп», «асқар шыңдар желпиді бесігімді».

    Символ (шартты белгі)

    Бір ұғымды екінші зат арқылы астарлап, тұспалдап көрсету.

    Мысал: қыран — еркіндіктің символы.

  5. 5) Топтық жұмыс

    Бейнетаспадан әншінің орындауындағы «Мен таулықпын!» өлеңі тыңдатылады. Одан кейін топтық тапсырмалар орындалады.

    І топ

    Топтастыру: «Тау ұлы қандай болуы керек?»

    ІІ топ

    «Әріптер сөйлейді»: МҰҚАҒАЛИ

    ІІІ топ

    «Бес жол өлең» стратегиясы

  6. 6) Сабақты бекіту

    Өлеңге сатылай-кешенді талдау жасау (слайд арқылы).

  7. 7) Сабақты қорытындылау

    • Ақынның арманы қандай еді?
    • Оның арманы қашан орындалды?
  8. 8) Бағалау

    Бағалау парақшалары негізінде қорытынды баға қойылады.

  9. 9) Үй тапсырмасы

    1) «Мен таулықпын!» өлеңін жаттау.

    2) «Еркін елдің ұланымын!» тақырыбында эссе жазу.