Жалпақ құрттар типі

Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама

Сабақтың мақсаты

  1. Көпжасушалылардың өкілдері — жалпақ құрттардың құрылымдық ерекшеліктерін және табиғаттағы маңызын түсіндіру; кірпікшелі құрттарға жататын ақ сұламаның тіршілігін, құрылысы мен негізгі тіршілік әрекеттерін таныстыру.
  2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру; өз ойын еркін жеткізу, өздігінен іздену және танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Қосымша материалдармен жұмыс істеуге ынталандыру; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Типі:
аралас
Әдісі:
биологиялық диктант, оқулықпен жұмыс
Көрнекілік:
суреттер, кесте, слайд
Пәнаралық байланыс:
бейнелеу өнері

Негізгі ұғымдар

  • Жалпақ құрттар — денесі созылыңқы әрі жалпақ көпжасушалылар.
  • Ақ сұлама — кірпікшелі құрттардың еркін тіршілік ететін өкілі.
  • Гельминтология — паразит құрттарды зерттейтін ғылым.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Сабаққа даярлықты тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау (ой қозғау)

1) Сынақ сұрақтары

  1. Ішекқуыстыларға қандай жәндіктер жатады?
  2. Ішекқуыстылардың денесі неше қабаттан тұрады?
  3. Ішекқуыстылар типі неше класқа жіктеледі? Кластарын атаңыз.
  4. Ішекқуыстылардың дернәсілі қалай аталады?
  5. Регенерация дегеніміз не?
  6. Ішекқуыстыларда қорғаныш және қоректі аулау қызметін атқаратын жасушалар туралы айтыңыз.
  7. Медуза қалай көбейеді?

2) Биологиялық диктант

Диктанттағы жасырын сөздердің алғашқы әріптерін біріктірсе, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

  1. Латын тілінен аударғанда «планула» — «жалпақ» деген мағынаны білдіреді.
  2. Ішекқуыстыларда атпа жасушалары қорғаныш және қоректі аулау қызметін атқарады.
  3. Лас суды ішкенде адамдар жұқпалы ауруларды көбірек жұқтырады.
  4. Көпаяқтыларды полиптер деп те атайды.
  5. Гидра қорегін аулау үшін атпа жасушаларын пайдаланады.
  6. Ішекқуыстылардың аузының айналасында қармалауыштары болады.
  7. Медузаның пішіні қолшатырға немесе қоңырауға ұқсайды; ол еркін жүзе алады.
  8. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы ұрықтану деп аталады.
  9. Жойылған дене бөлігінің қайта қалпына келуі регенерация деп аталады.
  10. Сцифоидтар (грекше «сцифос» — «табақша») деген мағынаны білдіреді.

III. Жаңа сабақ: «Жалпақ құрттар»

Кесте: «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім»

Білемін

  • Құрттар пайдалы ма, зиянды ма?
  • Құрттардың табиғаттағы маңызы қандай?

Білгім келеді

  • Паразит құрттар ағза есебінен қалай тіршілік етеді?
  • Неліктен құрттар ауру тудырады? Бұған кім немесе не себеп болады?

Үйрендім

Сабақ соңында қорытынды ретінде толтырылады.

Мағынаны тану: оқулықпен жұмыс (топтық тапсырмалар)

1-топ

  • Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстыру.
  • Жалпақ құрттардың жіктелуін көрсету.
  • Венн диаграммасын құрастыру: «Ішекқуыстылар — Ұқсастығы — Жалпақ құрттар».

2-топ

Ақ сұламаның ерекшеліктерін суреттеу арқылы талдау:

  1. Сыртқы көрінісі
  2. Денесінің көлденең кесіндісі
  3. Ас қорыту жүйесі
  4. Тыныс алуы
  5. Зәр шығаруы
  6. Жүйке жүйесі
  7. Жыныс жүйесі

3-топ

  • Жалпақ құрттар класының ерекшелігін сипаттайтын 10 тест сұрағын құрастыру.

IV. Білімді қорыту және жүйелеу

Негізгі сипаттамалар

Атауының себебі
Денесі созылыңқы әрі жалпақ болғандықтан, «жалпақ құрттар» деп аталады.
Тіршілік ортасы
Су қоймалары және тірі ағзалар. Көптеген түрлері дайын қорекке және көбеюге бейімделген.
Ғылым саласы
Гельминтология — паразит құрттарды зерттейді.

Дене құрылысының қабаттары

  • Эктодерма — сыртқы қабат
  • Энтодерма — ішкі қабат
  • Мезодерма — ортаңғы қабат

Дене қуысының орнында көбіне борпылдақ жасушаларға толы паренхима болады.

Жүйелердің жұмысы (қысқаша)

Қоректенуі

Ауыз → жұтқыншақ → ішек. Қорек жұтқыншақ арқылы сорылып, ішек қуысында қорытылады.

Тыныс алуы

Арнайы тыныс алу мүшелері жоқ; бүкіл денесі арқылы тыныс алады.

Зәр шығаруы

Қарапайым түтікшелер жүйесі денеде жиналған сұйық қалдықтарды сыртқа шығарады.

Жүйке жүйесі

Жүйке түйіндері мен денені бойлай орналасқан екі жүйке бағанасы сыртқы әсерлерге жауап беруге көмектеседі.

Көбеюі

Көпшілігі гермафродит: аталық және аналық жыныс жасушалары бір ағзада орналасады.

Ерекшелігі

Ақ сұлама — жыртқыш, ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Таспа және сорғыш құрттар — паразиттер, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Жіктелуі (өкілдері)

Ақ сұлама Сиыр цепені Бауырсорғыш

V. Білімді бекіту (тест)

  1. 1) Жалпақ құрттарға қандай белгі тән?

    • A. Екі жақты симметриялы
    • B. Радиальды симметриялы
    • C. Екі қабатты жануар
    • D. Целомды жануар
  2. 2) Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан негізгі айырмашылығы:

    • A. Көпжасушалы жануарлар
    • B. Жасушалары жіктелген
    • C. Үш қабатты
    • D. Екі қабатты
  3. 3) Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі?

    • A. Кірпікшелі, буылтық
    • B. Сорғыштар, жұмыр, буылтық
    • C. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер
    • D. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа
  4. 4) Жалпақ құрттарда қорғаныш және тірек қызметін атқаратын түзіліс:

    • A. Қабықша
    • B. Сірқабық
    • C. Планула
    • D. Піллә
  5. 5) Жалпақ құрттарда қанайналым және тыныс алу жүйесі бола ма?

    • A. Болады
    • B. Болмайды
    • C. Дұрыс жауап жоқ
    • D. Бәрі де
  6. 6) Жалпақ құрттар қалай тыныс алады?

    • A. Өкпесімен
    • B. Тыныс алу жүйесімен
    • C. Желбезекпен
    • D. Бүкіл денесімен
  7. 7) Кірпікшелі құрттар класының өкілі:

    • A. Бауырсорғыш
    • B. Ақ сұлама
    • C. Сиыр цепені
    • D. Сүлік
  8. 8) Алғаш рет жалпақ құрттарда пайда болған жүйе:

    • A. Ас қорыту
    • B. Қанайналым
    • C. Тыныс алу
    • D. Зәр шығару
  9. 9) Эктодерма мен энтодерманың арасындағы қабат:

    • A. Мезодерма
    • B. Сірқабық
    • C. Піллә
    • D. Эктодерма
  10. 10) Паразит құрттарды зерттейтін сала:

    • A. Палеонтология
    • B. Протозоология
    • C. Гельминтология
    • D. Микология
  11. 11) Дене қуысының орнында болатын, борпылдақ жасушаларға толы түзіліс:

    • A. Мезодерма
    • B. Гермафродит
    • C. Паренхима
    • D. Сірқабық

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыс нәтижелері және тест қорытындысы бойынша бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

  • Қ. Қайым (Мектеп, 2002) оқулығы: §11 оқу.
  • Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков оқулығы: §41 оқу.