Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты
Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, қадірлеуге және қастерлеуге тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу.
Іс-шара құрылымы
-
1
Сөзжұмбақ шешу
Табиғат тақырыбына қатысты сөзжұмбақ арқылы білімді бекіту.
-
2
Табиғат туралы өлең жолдары
Әр топтан 5 оқушы табиғат тақырыбындағы өлең жолдарын жатқа айтады.
-
3
«Мақал — сөздің мәйегі»
Әр топтан 5 оқушы табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер айтады және мағынасын түсіндіреді.
-
4
«Табиғаттың тарылтпайық тынысын»
Әр топтан 1 оқушы өз салған суреті бойынша ой бөліседі, табиғатты қорғау идеясын ұсынады.
-
5
«Құлақтан кіріп, бойды алар»
Өнер көрсету: ән айту, көркем сөз оқу немесе шағын қойылым ұсыну.
-
6
Мүсіндеу: «Жемістер»
Әр топтан 2 оқушы жемістер тақырыбында мүсіндеу жұмысын орындайды.
-
7
Ырым сөздер
Әр топтан 5 оқушы табиғатқа, өмірге қатысты ырым сөздерді келтіреді.
-
8
Сұрақтарға жауап беру
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ұғымдарды нақтылау.
-
9
Қорытындылау
Оқушылардың белсенділігін атап өтіп, табиғатты аялаудың маңызын түйіндеу.