Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Сабақтың тақырыбы
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (слайд арқылы)
Сабақтың әдістері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
Көрнекіліктер
Ертегі желісіне байланысты слайдтар.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларды ертегінің мазмұнымен таныстыру, тілдерін жаттықтыру. Сөздердің мән-мағынасын ажырата білуге үйрету, сөздік қорын молайту. Жаңа білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
2) Дамытушылық
Сөздік қорды байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірін анық әрі дәл айтуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Мейірімділікке баулу және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың жоспары мен барысы
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Өткенді пысықтау
Оқушылармен ауа райы туралы шағын әңгіме жүргізіледі: күн бұлттанса — ауа райы суытады, жаңбыр жауады, біз тоңамыз. Одан кейін «күнді ашу» үшін өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Сұрақтар
- 1.Терек қандай қиындыққа тап болады?
- 2.Терек үшін көгершін қандай құстардан көмек сұрайды?
- 3.Көгершін ақылгөй аққудың көмегімен орманнан қай құсты тауып әкелді?
- 4.Тоқылдақты неге «орман дәрігері» дейміз?
- 5.Сендер ағаштарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер? (суару, түбін қопсыту, түбін әктеу, бұталарын сындырмау)
Кіріспе бөлім
Қарлығаш туралы ән тыңдатылады.
Талқылау сұрақтары
- Ән не туралы?
- Қай дыбыстан басталады? Буынға бөліп көрейік.
- Қарлығаш қандай құс? (проблемалық сұрақ)
Жаңа сабақ
Бүгін біз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісімен танысамыз. Ертегі желісі бойынша слайдтар көрсетіліп, мазмұны талданады.
Жұмбақ
Өзі бір қу, өзі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Жауабы: түлкі
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.
Ертегі мазмұнын ашуға арналған сұрақтар
- 1.Айдаһар қандай күйге тап болды?
- 2.Оның ауруына ем тапқан кім, қандай ем ұсынды?
- 3.Айдаһардың дертіне ем болатын қанды кім іздейді?
- 4.Айдаһар неге қанды іше алмады?
- 5.Ашуланған айдаһар не істеді?
Осы оқиғадан кейін қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты.
Кейіпкерлерді бағалау
Ертегіде қай кейіпкер ұнамады? Неліктен?
Қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Шығармашылық тапсырма
Адамға дос, нәзік, мейірімді қарлығаштың суретін әдемілеп бояйық. Кімнің қарлығашы ең көркем шығады?
Жұмбақ жаттау
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
Жауабы: қарлығаш
Қызықты мәлімет
Қарлығаш — жыл құсы. Ол ұясын көбіне үйдің шатырына, сарай төбелеріне салады.
Қорытынды
Сабақ ертегі желісі бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы бекітіледі. Негізгі кейіпкерлер: