Қайтаратын ақшаны есепте
Сабақ туралы
Пән
Математика
Сабақ түрі
Қайталау сабағы (өтілген материалды бекіту)
Әдіс-тәсілдер
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
- Деңгейлеп оқыту
- Жұптық жұмыс
- Ойын технологиясы ( «Көрші» ойыны )
Мақсаты
- Тіктөртбұрыштың ауданын табады.
- Аудан өлшем бірліктері жүйесінің кестесін қолданады.
- Есеп шығару дағдыларын бекітеді.
Міндеттері
- Оқушының білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ой-өрісін, логикалық ойлауын шыңдау.
Күтілетін нәтиже
- Тіктөртбұрыштың ауданын табады.
- Аудан өлшемдер жүйесінің кестесін қолданады.
- Санның квадратын есептеуді меңгереді.
- Үлестерге қатысты есептерді шығаруға дағдыланады.
Қажетті ресурстар
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіледі.
Үй тапсырмасы тексеріледі, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Ой шақыру» ұйымдастырылады.
Мағынаны тану
Көркем жазу: 1, 2, 3 сандары арқылы жаңа сандар құрастыру
Құрастырылатын сандар:
Математикалық диктант
Ауызша орындау- а) 650 санына 530 бен 210 сандарының айырмасын қос.
- ә) 350 мен 218 сандарының айырмасын 240 пен 20 сандарының қосындысына арттыр.
- б) 100 санынан 7 мен 3-тің көбейтіндісін азайт.
- в) 8 бен 4-тің көбейтіндісі нешеге тең?
- г) 6 мен 5-тің көбейтіндісі нешеге тең?
1) Ауызша жұмыс: сурет бойынша есеп құрастыр
Қайтарылатын ақшаны есепте және оны ұсақ ақшамен жинақта.
100 − (25 + 35) = 40
Қайтарым: 40 т
100 − (36 + 40) = 24
Қайтарым: 24 т
2) «Көрші» ойыны: жұптық жұмыс
Өрнектердің мәнін табу және амалдардың орындалу ретін түсіндіру.
(3 + 5) × 5 = 40
3 + 5 × 5 = 28
4 × 5 + (3 + 6) = 29
4 × (5 + 3) + 6 = 38
9 × 6 − 4 : 2 = 52
9 × (6 − 4) : 2 = 9
3) Ауызша жұмыс: теңсіздікті дұрыс ет
Тиісті сандарды қойып, теңсіздіктерді ақиқат қыл.
6 × □ < 42
5 × □ < 40
4 × □ < 25
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді қалпына келтіру.
Есептер мен қолданбалы тапсырмалар
5а) Түймелер туралы есеп
Халатқа әр қорапта 8 түймеден, барлығы 5 қорап. Мектеп формасына әр қорапта 6 түймеден, барлығы 5 қорап.
8 × 5 − 6 × 5 = 10
Жауабы: халатқа арналған түймелер мектеп формасына қарағанда 10 түймеге артық.
5ә) Торт пен бәліш
Торт саны 8. Бәліш торттан 3 есе артық.
(8 × 3) + 8 = 32
Жауабы: кондитер цехында барлығы 32 торт пен бәліш пісірілді.
5б) Ұн мөлшері
Сатып алынды: 40 кг ұн. 6 торттың әрқайсысына 2 кг ұн жұмсалды.
40 − (6 × 2) = 28
40 − 28 = 12
Жауабы: сатып алынған ұннан қалғаны 12 кг-ға кем.
6ә) Өрнек құрастыр және мәнін тап
Берілгені: a = 6 м. Аудан формуласы: S = a × a = a².
S = 6 × 6 − 2 × 2 = 32 м²
Жауабы: тіктөртбұрыштың ауданы 32 м².
Шығармашылық жұмыс, бағалау және рефлексия
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
- 490 − x = 100 + 210
- 8-дің, 7-нің, 9-дың квадратын тап.
ІІ деңгей
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 2 см. Тіктөртбұрыштың ауданын және периметрін тап.
ІІІ деңгей
- (62 + 42) + 130 =
- Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды?
- Қорада бірнеше қаз жүр. Олардың аяқтары 22. Оларға тағы 3 үйрек келіп қосылды. Енді қорада неше аяқ жүр?
Қосымша тапсырма: тиімді тәсілмен есепте
«Көрші» ойыны арқылы жұпта талдап, ыңғайлы топтастыруды қолдан.
11 + 12 + 13 + 17 + 18 + 19
(11 + 19) + (12 + 18) + (13 + 17) = 90
22 + 26 + 28 + 27 + 150 + 24 + 23
(22 + 28) + (26 + 24) + (27 + 23) + 150 = 300
21 + 22 + 23 + 27 + 28 + 29
(21 + 29) + (22 + 28) + (23 + 27) = 150
Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақ: «Біз сапарға бақытын іздеп кеткен Әлімге көмектесе алдық па?» Оқушылар өз ойларын айтады.
Содан кейін ертегінің қалай аяқталғанын тамашалаймыз.
Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс беріледі: не ұнады, нені түсінбеді және қандай сұрақтары бар екенін жазбаша түрде білдіреді.
Үй тапсырмасы
- № 7(2), № 3(а)
- 110–112-бет
- Бағалау жүргізіледі.
Автор туралы мәлімет
Орны: Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №81 Astana English School гимназиясы
Мұғалім: Манкентбаева Ляззат Бахытқызы (бастауыш пәні мұғалімі)