Жай бөлшектердің оқылуын және жазылуын меңгерту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Үлес, жай бөлшектер, оларды оқу және жазу ұғымдарын түсіндіру.
- Есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
- Жай бөлшектердің оқылуы мен жазылуын меңгерту.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ауызша және жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі
Компьютерлік слайд, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
II. Үй жұмысын тексеру (№391)
A бөлімі
- 1)114 : 19 = 6
- 2)6 × 25 = 150
- 3)150 − 137 = 13
- 4)352 : 11 = 32
- 5)41 − 32 = 9
- 6)13 × 9 = 117
- 7)117 : 39 = 3
- 8)403 : 13 = 31
- 9)72 − 3 = 69
- 10)69 + 31 = 100
Жауабы: 100
B бөлімі
- 1)15 × 6 = 90
- 2)576 : 48 = 12
- 3)90 + 12 = 102
- 4)56 × 24 = 1344
- 5)1344 : 42 = 32
- 6)32 + 66 = 98
- 7)102 − 98 = 4
- 8)4 × 35 = 140
- 9)140 + 345 = 485
- 10)28 × 17 = 476
- 11)485 − 476 = 9
Жауабы: 9
III. Жаңа сабақ: Жай бөлшек
a/b — жай бөлшек; a — алымы; b — бөлімі.
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, ал алымы сол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді.
Жазылуы: a/b = a : b
Мысал: 4 : 9 = 4/9
Бөлшек сызығы бөлу амалын білдіреді: 4/9 — мұнда 4 бөлінгіш, 9 бөлгіш.
Жай бөлшектердің мысалдары
1/5, 2/9, 3/10, 11/62.
Негізгі идея
Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады.
Мысалдар: 15 : 3 = 15/3, 25 : 5 = 5.
Натурал санды бөлімі кез келген натурал сан болатын жай бөлшек түрінде жазуға болады: 2 = 2/1, 6 = 18/3, 28 = 56/2.
Тарихтан дерек (1)
Жай бөлшектерді белгілеу VIII ғасырда Үндістанда қабылданған. Бөлшектің алымы мен бөлімін бөліп тұратын бөлшек сызығын грек математиктері Александриялық Герон мен Диофант қолданған. Кейінірек бұл жазылым араб ғалымы әл-Хассараның және италиялық математик Лизанскийдің еңбектерінде кездеседі.
Тапсырма: №393 — сурет бойынша ауызша талдау.
Тарихтан дерек (2)
Грек ғалымы Архимед еңбектерінде алымы мен бөлімі кез келген натурал сандар болатын бөлшектің жалпы түрі кездеседі. Ежелгі гректер жай бөлшектерге барлық амалдарды қолдана білген. Бөлшекті сызықша арқылы жазу 1202 жылы италиялық ғалым Фибоначчидің «Абак кітабы» еңбегінде кеңінен енгізілген.
Есептер (№395–№397)
№395
1 = 4/4, 1 = 8/8, 1 = 12/12, 1 = 10/10, 1 = 100/100.
№396
Жай бөлшектерді жазу.
№397
1) Бөліндіні бөлшек түрінде жазу
7:12 = 7/12, 14:20 = 14/20, 9:11 = 9/11, 30:41 = 30/41, 8:7 = 8/7, 61:100 = 61/100
2) Бөлшекті бөлу түрінде жазу
4/7 = 4:7, 2/5 = 2:5, 9/12 = 9:12, 8/11 = 8:11, 5/9 = 5:9, 7/4 = 7:4
Тарихтан дерек (3)
Ұзақ уақыт бойы бөлшектерді сан деп атамаған, оларды «сынық сандар» деп атаған. Тек XVIII ғасырда ғана бөлшектер сан ретінде қабылдана бастады. Бұған ағылшын ғалымы Ньютонның 1707 жылы жарық көрген «Жалпыға бірдей математика» атты кітабы ықпал етті.
Есептер (№399)
1) Барлығы 120 шырша ағашы. 120 : 5 × 1 = 24
Жауабы: 24
2) Барлығы 57 сурет. Бояулы суреттер саны: 57 : 3 × 1 = 19
Жауабы: 19
Тарихтан дерек (4)
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында үнді математиктері жай бөлшектерге амалдар қолдануды жүйелей түсті. Жай бөлшектер туралы толық мәліметтерді арифметика кітаптарына Орта Азия математигі әл-Хорезми енгізген.
Өзіндік жұмыс
Бөлшекті оқып, жазыңыз
- Жетіден бес5/7
- Он үштен сегіз8/13
- Отыз сегізден үш3/38
- Қырық бірден он бір11/41
- Сексен жетіден он бес15/87
- Үш жүз бірден алпыс екі62/301
Бөліндіні бөлшек түрінде жазыңыз
2:7 = 2/7, 7:13 = 7/13, 16:19 = 16/19, 34:101 = 34/101,
31:100 = 31/100, 51:101 = 51/101, 22:25 = 22/25, 21:79 = 21/79
Қосымша тапсырмалар
- 1) 12:23 = 12/23, 17:40 = 17/40
- 2) 10:47 = 10/47, 11:34 = 11/34
- 3) 65:73 = 65/73, 40:53 = 40/53
- 4) 25:33 = 25/33, 49:55 = 49/55
IV. Қорытындылау
- 1.Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
- 2.Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
- 3.Екі натурал санның бөліндісін жазудың қандай тәсілдері бар?
- 4.Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
V. Үйге тапсырма
Мұғалімнің нұсқауына сәйкес.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы бойынша қорытынды баға қою.