Математика 7 сыныпЖалпы бағдарлама 68 сағатқа бөлінген

Курс туралы жалпы мәлімет

Сынып

7-сынып

Жалпы көлемі

68 сағат

Апталық жүктеме

2 сағат

Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің 7-сыныптарына арналған математика пәні бойынша «Жалын» орталығында жүргізілетін «Математикалық сандықша» тақырыбындағы факультативтік курсқа әзірленді. Бағдарлама мектептегі 7-сынып математика курсының негізгі мазмұнын толықтыратын қосымша материалдарды қамтиды.

Бағдарламаға түсіндірме

Қазіргі информаттандыру дәуірінде математиканың негіздерін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Математиканың практикалық құндылығы күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым ұғымдардан бастап, ғылым мен техниканың дамуына қажет күрделі заңдылықтарға дейінгі кең ауқымды қамтуымен айқындалады. Ол нақты әлемнің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын түсіндіруге мүмкіндік беретін іргелі пән ретінде қарастырылады.

Курс мазмұнының негізгі бөлімдері

  • Есептеулер және есептеу тәсілдері
  • Санау жүйелері және олардың қолданылуы
  • Нақты сандар және алгебра элементтері
  • Геометрия және өлшеу дағдылары
  • Анализ элементтері

Курстың мақсаты

  • Қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне қажет білім, білік және дағдыларды меңгерту, әрі қарай білімін дамытуға жүйелі жағдай жасау.
  • Оқушының жан-жақты тұлға ретінде дамуына ықпал ету: логикалық ойлау, ой дәлдігі, кеңістіктік елестету, алгоритмдік мәдениет, интуиция, сыни ойлау және өзін-өзі бағалау.
  • Математиканы ғылыми-техникалық әмбебап тіл әрі үдерістер мен құбылыстарды модельдеу құралы ретінде түсінуді қалыптастыру.
  • Математикалық әдістер арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әйгілі математиктердің еңбектерімен таныстыру, қоғамдық прогрестегі математиканың орнын ұғындыру.

Курстың міндеттері

Оқыту тәсілдері

  • Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу және оқушының дара ерекшеліктерін ескере отырып, саралап-дамыта оқытуды жүзеге асыру.
  • Ізденіспен жұмыс істеуді ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Практикалық дағдылар

  • Сандардың бөлінгіштік қасиеттерін қолдана отырып, ауызша есептеуді үйрету.
  • Қоршаған ортадағы геометриялық фигураларға өлшеулер жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беруді нығайту.

Пәнаралық кіріктіру

Курста төмендегі пәндермен пәнаралық байланыс орнатылады:

Алгебра Геометрия Сызу Тарих Физика Информатика Биология Ауыл шаруашылығы Экология