Миитяға қыс мезгілі неліктен ұнады деп ойлайсыңдар
Сабақтың тақырыбы
Әдебиеттік оқу пәні. К. Д. Ушинскийдің шығармаларымен, соның ішінде «Төрт тілек» әңгімесімен танысу.
Сабақтың мақсаты
- К. Д. Ушинскийдің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
- «Төрт тілек» әңгімесінің мазмұны арқылы жыл мезгілдерінің әсемдігін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
- Білімділік: Митяның тілегі көптеген баланың ортақ тілегі екенін ұғыну; табиғаттың жыл мезгіліне қарамастан сұлу әрі мейірімді екенін түсіну.
- Дамытушылық: дүниетанымды кеңейту, қоршаған құбылыстарға ғылыми көзқараспен қарауға дағдылану, сөздік қорды молайту, шығармашылық қабілетті дамыту.
- Тәрбиелік: көркем әдебиет оқуға қызығушылық ояту; жыл мезгілдерін салыстыру арқылы табиғатты сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаты
- Типі
- Жаңа білім беру
- Түрі
- Жаңа материалды меңгерту
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік, әңгімелеу
- Сұрақ–жауап
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
- К. Д. Ушинский портреті
- Жыл мезгілдері бойынша слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау — сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Сұрақ: Біздің көңіл күйіміз қандай?
Жауап: Тамаша! Ендеше, сабағымызды ұйымшылдықпен, бірлесе өткізейік.
Топқа бөлу
Оқушыларды туған күндеріне сәйкес жыл мезгілі бойынша топтастыру:
- I топ Қыс
- II топ Көктем
- III топ Жаз
- IV топ Күз
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар мен талқылау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- С. Сейфуллин туралы мәліметті кім айтады?
- «Қызыл шұнақ» тіркесінің мағынасы қандай?
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Қысқы ауа райын қалай сипаттар едіңдер?
Оқушылар өлеңді жатқа, мәнерлеп айтады. Жақсы оқыған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылып, бағаланады.
Қосымша сұрақтар
Сұрақ: Біз Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз? Жауап: Оңтүстік.
Сұрақ: Өлеңде айтылатын үскірік суық, қалың қар, бет қаратпас аяз сияқты құбылыстар еліміздің қай өңірлеріне тән деп ойлайсыңдар?
Жауап: Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары және басқа да өңірлер.
Сұрақ: Мұны қайдан білесіңдер? Жауап: Теледидардағы ауа райы болжамынан.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Кіріспе әңгіме: жыл мезгілдері
Сұрақ: Қазір қай мезгіл?
Сұрақ: Қыс мезгілі кімдерге ұнайды?
Сұрақ: Қыс мезгілі бізге неліктен ұнайды?
Қыс — қызығы мол мезгіл. Ендеше, қыс мезгілін жақсы көретінімізді білдіріп, бір сәт қол соғайық.
Сұрақ: Бір жылда неше мезгіл бар?
Ғылыми түсінік: жыл қалай қалыптасады?
Жыл — күн, апта, айдан құралады. Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олардың ауысып келуі Жердің Күнді айналуына байланысты. Жер Күнді 365 немесе 366 күнде толық бір айналып шығады. 365 күн — жыл деп аталады. Ғылым бойынша алғашқы үш жыл 365 күннен, ал төртінші жыл 366 күн болып есептеледі. Ол кібісе жыл деп аталады. Кібісе жылдың саны төртке қалдықсыз бөлінеді.
Жыл туралы мәліметті еске түсіргеннен кейін бүгінгі тақырыбымызға оралайық.
Автор туралы: К. Д. Ушинский
К. Д. Ушинский 1824 жылы 19 ақпанда Тула қаласында дүниеге келген. Ол — атақты орыс педагогы, балаларға арнап көптеген шығармалар жазған, бала жанына жақын қаламгер. Әдебиет пен театрға қызығып, халықтың сауатын ашуды армандаған. Оқытудың сынып-сабақ жүйесін енгізуге үлес қосқан.
Балаларға арналған әңгімелері
- «Балалар дүниесі»
- «Мектепке шақыру»
- «Бүркіт пен мысық»
- «Бөтен тауық»
Ертегілері
- «Екі соқа»
- «Түлкі мен ешкі»
- «Жел мен күн»
Негізгі тақырыптары: жануарлар, балалар әлемі, табиғат құбылыстары.
(Монитордан автордың кейбір кітаптары көрсетіледі.)
Мәтінмен жұмыс: «Төрт тілек»
Бүгін біз Константин Дмитриевич Ушинскийдің «Төрт тілек» атты әңгімесімен танысамыз.
Сұрақ: «Тілек» дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің қандай арман-тілектерің бар?
Оқушылар өз тілектерін айтады. Мұғалім тілектердің орындалуына ізгі ниет білдіріп, оқушыларды арманшыл болуға, мақсат қоюға ынталандырады.
Кітаппен жұмыс
Барлығымыз мәтінге назар аударамыз. Алдымен мұғалім әңгімені мәнерлеп оқиды.
- 1-бөлімді «Қыс» тобы оқиды.
Талқылау сұрақтары (Қыс бөлімі)
- Митяға қыс мезгілі неліктен ұнады деп ойлайсыңдар?
- Ол қандай тілек айтты? (Мәтіннен тауып оқыңдар.)
- Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Жалғастыру (Көктем бөлімі)
Әңгімені әрі қарай «Көктем» тобының бір оқушысы оқиды. Оқылған бөлім бойынша сұрақтар қойылады:
- Митяға көктем несімен ұнады?
- Ол қандай тілек айтты? (Мәтіннен тауып оқыңдар.)
- Сендерге көктем мезгілі ұнай ма?