Бұрыштардың түрлері

Жарыс сабақ

Сабақ тақырыбы: Бұрыштардың түрлері

Бұл сабақта оқушылар көпбұрыштардағы бұрыштарды тік бұрышпен салыстырып, олардың түрлерін анықтайды. Сонымен қатар берілгеннен күрделірек есептер құрастырып шығарады, топпен «сынап көру» әдісі арқылы теңдеулерді шешу дағдысын жетілдіреді.

Сабақ барысында ойлау қабілеті дамытылып, халқымыздың дәстүрін дәріптеу арқылы оқушылар алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді.

Әдіс-тәсілдер

  • Талдау
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын арқылы есеп шығару
  • Тиянақтау

Көрнекіліктер

  • Сабаққа арналған слайдтар
  • Үлестірмелер
  • Математикалық қызықты есептер

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылар:

Тек бес — біздің бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Сабақ форматы

Бүгінгі сабақ — жарыс сабақ. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшысын сайлайды.

Жарыс ережелері

  1. Тыныштық сақтау.
  2. Бірігіп жұмыс жасау.
  3. Мұқият тыңдап, содан кейін орындау.
  4. Тез, шапшаң әрі дұрыс орындау.
Ұран: Бірлік болмай, тірлік болмас!

Топ атауын анықтау тапсырмасы

Әр топ берілген мысалдарды орындайды. Нәтижелерді кему ретімен орналастырып, әріптер арқылы топ атауын шығарады.

1-топ

  • 7 + 8= ү
  • 9 + 6= ы
  • 6 + 6= р
  • 8 + 8= с
  • 9 + 5= й
  • 7 + 6= і

2-топ

  • 5 + 5= л
  • 7 + 7= д
  • 9 + 4= о
  • 5 + 6= а
  • 7 + 5= ғ

3-топ

  • 8 + 8= і
  • 7 + 7= к
  • 8 + 9= ұ
  • 9 + 9= т
  • 8 + 8= р
  • 9 + 9= б
  • 8 + 4= ш

Үй тапсырмасын тексеру

№7 тапсырма: кесінді сызу.

Өткенді еске түсіру

Үш топқа геометриялық фигуралар беріледі. Оқушылар фигураның қандай екенін дәлелдеп, негізгі қасиеттерін атайды.

1-топ: Үшбұрыш

  • 3 төбесі бар
  • 3 бұрышы бар
  • 3 қабырғасы бар

2-топ: Төртбұрыш

  • 4 төбесі бар
  • 4 бұрышы бар
  • 4 қабырғасы бар
  • Қарама-қарсы қабырғалары тең

Ережесін сұрау.

3-топ: Шаршы

  • 4 төбесі бар
  • 4 бұрышы бар
  • 4 қабырғасы тең
  • Барлық қабырғалары өзара тең

Ережесін сұрау.

Жаңа сабақ

Оқушылардан осы фигуралардың бұрыштары туралы пікірлері сұралады: әр бұрыштың қай түрге жататыны дәлелденеді.

1-топ

Сүйір бұрыш

2-топ

Доғал бұрыш

3-топ

Тік бұрыш

Мұғалімнің түсіндірмесі

Анықтама

Бұрыш — бір нүктеден шыққан екі сәуленің арасындағы кеңістік.

Салыстыру

  • Сүйір бұрыш — тік бұрыштан кіші.
  • Тік бұрыш — 90°-қа тең.
  • Доғал бұрыш — тік бұрыштан үлкен.

Негізгі ой

Бұрыш түрін анықтау үшін оны тік бұрышпен салыстыру жеткілікті: кіші болса — сүйір, тең болса — тік, үлкен болса — доғал.