Жаңа сабаққа бетбұрыс
Сабақ туралы
Пәні мен сыныбы
Математика, 6-сынып
Тақырыбы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама қалыптастыру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып есеп шығаруда қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Пәнге қызығушылықты арттыру, тез ойлау, нақты нәтижеге жету дағдыларын дамыту және математикалық сауаттылықты күшейту.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, өз бетімен еңбектенуге және батыл шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Әдістері мен көрнекілігі
Сабақ әдістері
- Сұрақ–жауап
- Ойын элементтерін қолдану
- Деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі
- Электронды оқулық
- Карточкалар
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушылар тізімін тексеру
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтеді. Ендеше, бір-бірімізге сәттілік тілейік!
II. Өткенді қайталау: «Өрмекші шырмауынан шығып көр»
Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты қайталайды.
1) Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады?
Екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері бірдей болса, мұндай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады.
2) Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады?
Айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде тура болатын теңдік теңбе-теңдік деп аталады.
3) Теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не?
Өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды теңбе-тең түрлендіру деп атайды.
4) Екі тура теңдікті қалай қосады?
Екі тура теңдікті мүшелеп қосады: егер a=b және c=d болса, онда a+c=b+d.
5) Екі тура теңдікті қалай көбейтеді?
Екі тура теңдікті мүшелеп көбейтеді: егер a=b және c=d болса, онда ac=bd.
Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды.
III. «Кім жылдам?!»
Кестедегі жауаптарға сәйкес әріптерді қойып, жасырын сөзді оқыңдар.
Мұғалім сұрағы: «Неліктен мен “теңдеу” сөзін жасырдым?»
Қорытынды: бүгінгі жаңа сабақ теңдеу тақырыбымен тікелей байланысты. Біз бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қарастырамыз.
IV. Жаңа сабаққа бетбұрыс
Ең алдымен 5-сыныпта өткен «теңдеу» және «теңдеудің түбірі» ұғымдарын еске түсірейік. Төмендегі есептен бастаймыз:
Есеп
Екі сөреде 40 кітап тұр. Үстіңгі сөредегі кітап саны төменгі сөредегіден 3 есе көп. Төменгі сөреде неше кітап бар?
Төменгі сөредегі кітап санын x деп белгілейік. Есеп шарты бойынша үстіңгі сөреде 3x кітап болады. Барлығы 40 кітап болғандықтан, мына теңдеуді құрамыз:
x + 3x = 40
Белгісіз санды табу үшін біз бір айнымалысы бар теңдеу құрдық. Енді x-тің орнына қойғанда теңдікті дұрыс ететін мәнді табуымыз керек.
Негізгі ұғымдар
Теңдеудің түбірі — айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні.
Теңдеуді шешу — оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін дәлелдеу.
Мысалы, x = 10 болғанда x + 3x = 40 теңдігі тура болады. Демек, 10 — осы теңдеудің түбірі.