ҚИСЫНДЫ ОЙЛАУ

Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақ қолында

Бұл сайыс-сабақ оқушылардың білімін саралап, логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын және топпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік пен ұйымшылдықты нығайтады.

1) Білімді саралау

Пәндер бойынша алған білімдерін жинақтау, ой ұшқырлығын байқау, өз ойын анық жеткізуге үйрету.

2) Тіл және ойлау

Сөздік қорды молайту, дүниетанымды кеңейту, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамыту.

3) Тәрбие және құндылық

Елін, жерін, дәстүрін құрметтейтін ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу; дидактикалық ойын арқылы зеректік пен алғырлықты арттыру.

Сайыстың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру

II. Сабақ барысы

  • Топқа бөлу
  • Топ ережесін құру
  • Эмблема мен ұран дайындау

Ойын кезеңдері

Көшеде жүру ережесі

Жол қозғалысы мәдениеті мен белгілерді тану.

Өмір қауіпсіздігі

Төтенше жағдайда әрекет ету және алғашқы көмек.

Зиянды заттардың алдын алу

Зиянды әдеттердің салдары және алдын алу жолдары.

Қисынды ойлау

Логикалық тапсырмалар мен ой ұшқырлығын дамыту.

Білгенге маржан

Жұмбақтар, сөздік тапсырмалар және мақал-мәтелдер.

Көшеде жүру ережесі: сұрақтар

  1. Жаяу жүргінші өткелі жолда қалай белгіленеді?
  2. Жол белгілерін атаңдар.
  3. Жол белгілерін ретімен қойыңдар.
  4. Жол белгілерін кім білуі керек?

Зиянды әдеттердің алдын алу

Денсаулық — басты құндылық

  1. Зиянды әдеттерді атаңдар.
  2. СПИД-ке қарсы күрес күні қашан атап өтіледі?
  3. СПИД қандай жолдармен жұғады?
  4. Темекі шегудің қандай зияны бар?

Өмір қауіпсіздігі: жағдайлық сұрақтар

  1. Соғып жарақат алған кезде не істейміз?
    Соғып алған жерге таза матаны суық суға малып, басу керек.
  2. Жер сілкінісі кезінде не істейміз?
  3. Жарақат алған кезде не істейміз?
    Жарақатты сумен шайып, маңайына йод немесе жасыл дәрі жағу керек. Одан кейін таза медициналық дәкемен немесе дәрілік жапсырмамен орау қажет.
  4. Төтенше жағдай болғанда ең бірінші қай нөмірге қоңырау шаласың?
    112

Қисынды ойлау

  1. Неше шаршы бар? Жауабы: 14
  2. 2 шаршыны алып тастап, 4 шаршыдан 2 шаршы жаса.
  3. Логикалық есептер шығар.

Білгенге маржан: жұмбақтар мен сөздік тапсырмалар

I топ: жұмбақтар

  • Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
    Жауабы: кітап — книгаbook
  • Жеті қазынаның бірі, адамға жолдас?
    Жауабы: ит — собакаdog
  • Футболшыға керек.
    Жауабы: доп — мячball
  • Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар.
    Жауабы: бор — мелchalk

II топ: сұрақ-жауап

  • Жердің көркі не?
    Жауабы: гүл — цветокflower
  • Ас атасы —
    Жауабы: нан — хлебbread
  • Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.
    Жауабы: қалам — ручкаpen
  • Жүз теңгең болғанша, жүз ______ болсын.
    Жауабы: дос — другfriend

Мақал-мәтелдерді толықтыр (I топ)

Төмендегі жолдарда көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.

  1. Білімсіз адамның сөзі білектей,
  2. Сөзден асқан байлық жоқ,
  3. Сумен ойнама — батарсың,
  4. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
  5. Әдептілік, ар-ұят —
  6. Жақсының сөзі ақыл шақырады,
  7. Туған елдей ел болмас,
  8. Білімдінің күні жарық,
  9. Жақсы бала — қуаныш,
  10. Ақыл тозбайтын тон,

Қорытынды

Марапаттау

Белсенді қатысушылар мен үздік нәтиже көрсеткен топтарды марапаттау.

Рефлексия

Оқушылардың әсері мен ой қорытындысын тыңдау, келесі қадамдарды жоспарлау.