Естеріңе алғайсың, Еркін жүрген қалқаны

Мұқағали Мақатаев

Кешіріңдер, туыстар,
Кешіріңдер, ағайын,
Өр көкірек бейбаққа
Өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын.
Ақ киімге оранып,
алдарыңа барайын.
Кешіріңдер, жарандар,
Қошақаның болайын.
Сый сұрағам жасыңнан.
Мейір күткем қартыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін - еркін шарқ ұрғам,
Екенмін ғой антұрған.
Сөз өргізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріңдер, достарым,
Кешіріңдер, қастарым,
Есім кіре бастады,
Еркелікті тастадым.
Мен мен емес, басқамын...
Естеріңе алғайсың,
Еркін жүрген қалқаны.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев жайында
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Әйтеке Байбекұлы (Әйтеке би)
Ыбырай мен Мұқағали ұқсастығы
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Хз. Мұсаның ата тегі
Мысық тұқымдастар
Көк - құстың еркін мекені
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз
Көрінбей қалай жүргенсің бұрын көзіме ерке қыз
Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады
Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті
Еркін елдің ұланымын шығарма
Барлығының мақтана айтып жүргендері - жазғы демалыс
Емірентті еркін сезім шақтары, елжіретті қазағымды бақ таңы
Студент мұғалімдік тәжірибеден өтуге келген сыныпта сыныпқа орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, өздері де мұғалімдік тәжірибеден өтіп жүрген екі студент қыз бар еді