Өткен сабақтан алған білімін тексеру

Сабақ туралы

Тақырыбы
Ү дыбысы мен әрпі
Түрі
Білімді меңгерту
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер, әріптер, буындар
Оқыту әдістері
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаттары

  • 1

    Ү дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.

  • 2

    Есте сақтау мен ойлау қабілетін, сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.

  • 3

    Ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту және ынталандыру

Балалар, бүгінгі әліппе сабағымыз ерекше өтеді. Бізге қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді және алғырлықтарыңды байқап көреді. Ендеше, өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды «Әліппе» өлеңімен бастайық.

Іші толы әріпке,

Мынау әйбат Әліппе.

Барлық ілім, білімнің,

Әжесі — осы Әліппе!

Кіріспе өлең

II. Өткен сабақты пысықтау

Қайталау арқылы бекіту

Сұрақ-жауап

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Ө)
  • Ө дыбысы қандай дыбыс? (дауысты)
  • Ол дауысты дыбыс жуан ба, жіңішке ме? (жіңішке)

Жатқа айту

«Бөпешім» өлеңін жатқа айтқызу.

Өзіндік жұмыс

Әр балаға буындар таратылып, солардан сөз құрау.

III. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты оқушыларға хабарланып, жаңа тақырыпқа назар аударылады.

IV. Жаңа сабақ

Ү дыбысы мен әрпін меңгеру

а) Электронды оқулықпен жұмыс

Интерактивті тапсырмалар арқылы Ү дыбысының айтылуы мен жазылуы пысықталады.

ә) «Әліппе» оқулығымен жұмыс

Ү дыбысына берілген сөздер оқытылады, олардың мағынасы түсіндіріледі.

б) Жұмбақ

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.

Жауабы: Қарлығаш

Қарлығаш ұясын көбіне қай жерге салады? Шатырдың астына, үйдің бұрышына.

Демек, қарлығаш адамдарға жақын жүретін құс екен.

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса, жарқын күн,

Жаса, жаса, алтын күн!

Қимыл-қозғалысқа арналған жаттығу

Дәптермен жұмыс

Үлгі бойынша берілген тапсырманы жазу: Ү әрпінің элементтерін дұрыс жазуға және жоларалықты сақтауға көңіл бөлу.

V. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық? Ү дыбысы мен әрпі.

Оқушылардың көңіл күйі смайликтер арқылы анықталып, сабақ бойынша қысқаша кері байланыс алынады.