Жалаң сөйлем

Мақсаты

Білімдік

Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру; жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету; сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдауға дағдыландыру.

Дамытушылық

Жай сөйлем туралы білімді тереңдету; оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

Патриоттық сезім мен отаншылдық рухты қалыптастыру; азаттықтың құндылығын түсінуге, білуге және құрметтеуге баулу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сынып оқушыларын түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

Оқушылардың жай сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелері жөніндегі білімін анықтау.

Сұрақ Нұсқалар
1 Жай сөйлемнің анықтамасын табыңыз.
  • А) Бір ғана ойды білдіреді.
  • Ә) Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен тұрады.
  • Б) Күрделі ойды білдіреді.
  • В) Адамның әртүрлі көңіл күйін білдіреді.
2 Жай сөйлемнің неше түрі бар? А) 2    Ә) 3    Б) 4    В) 5
3 Жай сөйлемді көрсетіңіз.
  • А) Қоңырау соғылып, сабақ басталды.
  • Ә) Түн ұйқысын төрт бөлу.
  • Б) Ауылдың малы.
  • В) Мен 8-сыныпта оқимын.
4 Жақты сөйлемнің анықтамасы:
  • А) Бастауышы мүлдем жоқ.
  • В) Бір сөзден тұратын сөйлем.
  • Ә) Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
  • Б) Бастауышы бар, кейде жасырын тұратын сөйлем.
5 Жақсыз сөйлемнің анықтамасы:
  • Ә) Бастауышы бар сөйлем.
  • А) Бастауышы мүлдем жоқ, баяндауыштың өзі ұйытқы болатын сөйлем.
  • Б) Бастауышы жасырын тұратын сөйлем.
  • В) Тек тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
6 Жақсыз сөйлемді табыңыз.
  • А) Марат жүгіріп кетті.
  • Ә) Оларға келуге болмайды.
  • Б) Ол — оқушы.
  • В) Ақ жейделі бала.
7 Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
  • Ә) Ол — шындық.
  • А) Аз ғана уақыт ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді.
  • Б) Марат дүкенге баршы.
  • В) Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақ қолында.
8 Пысықтауыш мағынасына қарай нешеге бөлінеді? А) 3    Ә) 4    Б) 5    В) 6
9 Үтір не үшін қойылған? «Біз — Қазақстанның ұрпағымыз, болашағымыз!»
  • А) Бірыңғай бастауыш
  • Ә) Бірыңғай баяндауыш
  • Б) Бірыңғай толықтауыш
  • В) Бірыңғай пысықтауыш
10 Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.
  • А) Уақытты жоспарлай білуі керек.
  • Ә) Жұмысты тез орындаймыз.
  • Б) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
  • В) Бүгін жұмысқа шықтық.

Жауап кілті

1) А   2) Б   3) В   4) Б   5) А   6) Ә   7) А   8) Б   9) Ә   10) Б

Бағалау нормасы

  • 5 — 9–10 дұрыс жауап
  • 4 — 7–8 дұрыс жауап
  • 3 — 4–6 дұрыс жауап
  • 2 — 0–3 дұрыс жауап

III. Жаңа сабақ: жалаң және жайылма сөйлем

Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгереді: интерактивті тақтада берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң және жайылма сөйлемнің ережесін өздері шығарады, ерекшеліктерін анықтап түсіндіреді. Кейін оқушылар жасаған тұжырым оқулықтағы ережемен салыстырылып, дұрыстығы нақтыланады.

Жалаң сөйлем

Негізгі мүшелер
  • Мереке құтты болсын!
  • Біз мақтан тұтамыз.
  • Болашағымыз — жарқын.

Жайылма сөйлем

Тұрлаусыз мүшелер қатысады
  • Тәуелсіздік халқымызға оңайлықпен келген жоқ.
  • Желтоқсан құрбандарының есімі жадымызда мәңгі сақталады.
  • Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Үш үстелге үш түрлі тапсырмасы бар конверт қойылады. Оқушылар жұппен үстелдер арасында ауысып, тапсырмаларды орындайды.

№1 үстел тапсырмасы

Шығармашылық

Берілген өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жазыңыз. Ішінде жалаң және жайылма сөйлемдер болсын.

Туған жердің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді
Жайна мәңгі, Қазақстан — Гүлстан!

№2 үстел тапсырмасы

Талдау

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Шартты белгілер арқылы тірек-сызбаларды айқындаңыз.

  • Бұйрықты бұлжытпай орындаймыз.
  • Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмас кішіден сұра.
  • Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан етемін, өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.
  • Еліміздің болашағы жарқын.

№3 үстел тапсырмасы

Сәйкестендіру

Терминдер

  1. 1.Жалаң сөйлем
  2. 2.Жайылма сөйлем
  3. 3.Жақты сөйлем
  4. 4.Жақсыз сөйлем

Сөйлемдер

  1. 1.Мені танимысың?
  2. 2.Оған таңдануға болмайды.
  3. 3.Қар қылаулап тұр.
  4. 4.Бүгін аспан бұлтсыз.

Жауап кілті (сәйкестендіру тест)

1 → 3    2 → 4    3 → 1    4 → 2

Оқулықпен жұмыс

114-жаттығу: берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырыңыз.

V. Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін семантикалық кесте толтырылады.

Нәтиже

Жалаң және жайылма сөйлемді ажырату, түрлендіру, синтаксистік талдау дағдылары бекітіледі.

Толық нұсқасын жүктеу