Сегіз сөзін буынға бөл

Сауат ашу

Сабақ жоспары: «Г дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Г» дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру.
  • «Г» дыбысын сөз ішінен табуға үйрету.
  • «Г» дыбысы бар сөздерді оқуға және жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы есте сақтау, логикалық ойлау, сөздік қор мен танымдық дағдыларды дамыту.
  • Дұрыс оқуға және көркем жазуға машықтандыру.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа, бірлікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық:
Еңбек, дүниетану

Көрнекіліктер

  • Кеспе әріптер
  • Жеке суреттер
  • Ақан серінің портреті

I. Ұйымдастыру кезеңі (тренинг)

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

II. Өткен сабақты қайталау

Жұмбақ шешу

  1. Газда бар, ауада жоқ.
    Гүлде бар, жуада жоқ — бұл қандай әріп? Жауабы: Гг
  2. Жұпар иісі еді,
    Жайнап бақта өседі. Жауабы: гүл

Әңгімелесу

Көктем мезгілінде мектебіміздің алдына гүл егеміз. Сыныбымызда да гүлдер көп.

Сұрақ: Біз гүлді не үшін өсіреміз?

Гүл әдемілік сыйлайды, айналаны көркейтеді, ауаны тазартады.

Еске түсіру

  • Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Г г
  • «Г» қандай дыбыс?
  • Сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында)
  • «Г» әрпі кездесетін сөздерді атау.

Көгершін туралы

Өткен сабақта көгершін туралы өлеңмен таныстық. Оқушылар көгершін туралы білетіндерін айтады.

Бүгінгі рөлдік сәт:

Көгершіндер қонаққа келіп, сұрақтар дайындап әкелді. Сұрақтарға жауап береміз.

Көгершіндердің сұрақтары

  1. «Сегіз» сөзін буынға бөл.
  2. «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  3. «Дәрігер» сөзімен сөйлем құра.
  4. «Ертегі» сөзімен сөйлем құра.
  5. «Шеге» сөзін буынға бөл.

«Кім тапқыр?» ойыны

Тақтаға екі оқушы шығып, «гүл» және «егін» сөздерін жазады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың астын сәйкесінше қызыл және көк бормен сызады.

III. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 1-қатардағы сөздер түсіндіріледі. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс жалғанса, К дыбысы Г дыбысына айналуы мүмкін.

Мысалдар

  • Терек терегі
  • Ілгек ілгегі
  • Білек білегі
  • Етек етегі
  • Шелек шелегі
  • Жәшік жәшігі

Сөздік жұмысы

Бәйге
Жарыс, ат жарысы.
Мәре
Жарыста бірінші болып келген адам «мәреге жетті» дейді.
Мерген
Нысанаға дәл тигізетін адам.
Дәрігер
Адамдарды емдейтін маман.
Ертегі, әңгіме
Әңгімелеу, оқиға айту жанрлары.
Жүгері
Өсімдік.
Жүген
Ат әбзелі.

Ақан сері туралы мәтін

Ақан — әнші әрі ақын. Оны «сері» деуінің себебі: қасына өнерлі адамдарды жинап, ауылдан ауылға барып, өнер көрсеткен.

Оқу түрі

  • Тізбектеп оқу.
  • Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын әңгімелеу.

Сұрақтар

  • Ақан кім?
  • Ақан серінің қандай тұлпары болған?
  • Ол бәйгеден нешінші орын алып келген?
  • Ақан серінің бүркіті қалай аталады?
  • Қараторғай туралы не шығарған?

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қолымызды қозғалтып,

Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Жазылым

Дәптердегі сөздерді жазу: гүл, егеу, шеге, көгершін, Құлагер.

Сабақты бекіту

«Қатемді тап» ойыны

Мұғалім тақтаға қате жазылған сөздерді іледі: Сеғіз, мерғен, ғұл.

Оқушылар тақтаға шығып, түзетіп жазады: сегіз, мерген, гүл.

Сурет бойынша топтастыру

«Г» дыбысы бар сөздерді суреттер арқылы топтастыру.

Мадақтау

Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы

«Ақан сері» мәтінін оқу.