Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы
Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы
Абрикосовое варенье без варки ягод
Құрамы
- Өрік (абрикос) — 2 кг (сүйегінен ажыратылған таза өрік салмағы 2 кг болуы керек)
- Шекер — 1,5 кг
- Су — 300 мл
- Лимон қышқылы — 5 г
Тәсілдің мәні
Бұл тосапта жеміс қайнатылмайды. Қант пен судан сироп дайындап, оны бірнеше рет қайнатып, әр жолы жемістің үстіне құю арқылы өрікті өз сөлінде баяу сіңіреміз.
Маңызды: өрікті тек бірінші рет сироп құйғанда ғана жайлап араластырыңыз. Одан кейін қозғауға болмайды — жеміс езілмеуі үшін.
Дайындау жолы
-
Өрікті жақсылап жуып, сүйегінен ажыратыңыз да, үлкен кастрөлге салып қойыңыз.
-
Банкілерді мұқият жуып, стерилдеңіз. Қақпақтарды да жуып, толық кептіріп қойыңыз.
-
Қазанға (не кастрөлге) шекерді салып, үстіне суды құйыңыз. Қайнаған соң лимон қышқылын қосып, 10–12 минут қайнатыңыз. Дайын сиропты өріктің үстіне құйып, 10 минут күтіңіз. Тек осы кезде ғана жайлап араластырыңыз.
-
10 минуттан соң өріктің үстіндегі сиропты қайтадан қазанға құйып, 10 минут қайнатып, қайтадан өріктің үстіне құйыңыз. 20–30 минут демалдырыңыз.
-
20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып, тағы 10 минут қайнатып, өрікке қайта құйыңыз да 20 минут қалдырыңыз.
-
Соңғы рет сиропты құйып алып, 10 минут қайнатыңыз. Бетіне шыққан көбікті алып тастаңыз. Осы аралықта өрікті стерилденген банкілерге тең бөліп салыңыз. Қайнап тұрған сиропты үстінен құйып, бірден жауып тастаңыз.
Ескерту: өрік тосабында сироп 4 рет қайнатылады. Осы тәсілмен құлпынай тосабын да дайындауға болады.
Қайнатылмай дайындалатын құлпынай тосабы
Клубничное варенье без варки ягод
Құрамы
- Құлпынай — 1 кг
- Шекер — 1 кг
- Су — 200 мл
- Лимон қышқылы — 2 г
Дайындық
Ең алдымен банкілерді содамен жақсылап жуып, кептіріп, стерилдеңіз. Қақпақтарды да ыстық сумен жуып, толық кептіріп қойыңыз.
Құлпынай өрікке қарағанда жұмсақ болғандықтан, мұнда сироп 3 рет ғана қайнатылады.
Дайындау жолы
-
Шекерді кастрөлге салып, үстіне суды құйыңыз. Араластырып отқа қойыңыз. Қайнаған соң лимон қышқылын қосып, 15 минут қайнатыңыз.
-
Құлпынайды тазалап, бөлек ыдысқа салыңыз. Дайын сиропты құлпынайдың үстіне құйып, 15–20 минут қалдырыңыз.
-
20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып, 10 минут қайнатыңыз. Қайнап тұрған сиропты қайтадан құлпынайдың үстіне құйып, 20 минут күтіңіз.
-
20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып, 5 минут қайнатыңыз. Осы уақытта құлпынайды таза банкілерге бөліп салыңыз. Үстінен қайнап тұрған сиропты құйып, бірден жауып тастаңыз.
Дайындаған: Жадыра