Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті — қазақ мектебі түлегінің білім сапасын халықаралық деңгейге жақындату. «Бала — болашағымыз» десек, сол балаға жүйелі білім беруді, оның ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілеті мен қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз қажет.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Негізгі мақсат
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың басты мақсаты — оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологияларының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада тиімді қолданылатын технологиялар
1
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
Бұл технологияны өткен ғасырдың 70-жылдары Г. С. Альтшулер ұсынған. Мектепке дейінгі жасқа бейімделген нұсқасы балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретіп, қызығушылығына сүйене отырып шығармашылық қажеттіліктерін дамытады.
2
«Тәй-тәй» технологиясы
Негізін қалаған: Джордж Сорос
Мақсаты: балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
3
Монтессори технологиясы
Негізін қалаған: М. Монтессори
Мақсаты: балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын оятып, оны зерттеуге ынталандыру; сұрақ қоюға және жауап іздеуге үйрету.
4
Зайцев технологиясы
Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: оқуды және санауды қатар үйрете отырып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; білімді барлық сезім мүшелері арқылы қабылдауды қамтамасыз ету.
5
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: баланың жан дүниесіне әсер ете отырып, логикалық ойлауын дамыту; сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті — оқу материалын балаға дайын күйінде бермей, баламен бірлесіп әрекет ұйымдастыру арқылы міндеттерді түсіндіру және сөздік қор мен тілдің байланысына ерекше мән беру.
Дамыта оқытуда қолдануға болатын тиімді әдістер
1) Ой толғаныс (миға шабуыл)
Көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы: жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2) Ассоциация
Берілген тақырып бойынша балалардың ойына келген ұғымдар негізгі сөздің айналасына жазылады.
Мысал: «Жалпы отбасы»
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
3) Салыстыру
Балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысал
Алма мен қызанақтың ұқсастығы және айырмашылығы.
4) «Раунд-робин»
Өткен немесе жаңа тақырыпты бекітуге тиімді. Әр бала тақырып бойынша бір сөйлем не сөз тіркесімен ойын айтып шығады, қайталауға болмайды.
Мысал: «Гүлдер» тақырыбы
- Гүл — өсімдік.
- Гүл әдемі.
- Гүлді жұлуға болмайды.
- Анамызға сыйлаймыз.
- Достарымызға сыйлаймыз.
5) Топтау
Балаларды деңгейіне қарай бірнеше топқа бөліп, өздері орындай алатындай тапсырма беру арқылы нәтижеге қол жеткізіледі.
I топ
Үлестірмелі картадағы суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету және атауын айту.
II топ
Жіпті пайдаланып, әртүрлі пішіндер жасау.
III топ
Санағыштардың көмегімен үшбұрыш пен төртбұрыш құрастыру.
Қорытынды
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн — бәсекелестік, жоғары технология, ғылым мен білім заманы. Сондықтан оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану — әрбір ұстаздың кәсіби міндеті.