Нағыз тері қабаты
Сабақтың мазмұны
Тақырып
Тері. Жылу реттеу
Сабақтың типі
Қорытынды сабақ
Сабақ түрі
Аралас
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Жеке және топтық жұмыс
- Интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың терінің құрылысы, қызметі мен маңызы, сондай-ақ тері аурулары туралы алған білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық
Кесте толтыру, сәйкестікті анықтау, жаңа сөздерге анықтама беру және дұрыс тұжырымдарды ажырату арқылы ой-өрісін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік
Шешім қабылдай білуге, өз ағзасын күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Тәртіп пен тазалықты қадағалау.
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
Қорытынды сабақтың жоспары
Сабақ оқушылардың білімін жарыс түрінде бекітуге бағытталған. Оқушылар 3 топқа бөлінеді: Биологтар, Дерматологтар, Косметологтар.
Формат
Жеке + топтық тапсырмалар
- 1. Ассоциациялық сұрақтар
- 2. Кесте: «Терінің құрылысы мен қызметі»
- 3. «Біліміңді сына»: «Терінің рөлі қандай?»
- 4. Жұмбақтар
- 5. «Сынақтан сүрінбе?»
- 6. Зерттеу жұмысы
- 7. «Суреттер сөйлейді» (слайд)
- 8. Анықтама сөздер
1) Ассоциациялық сұрақтар
Сұрақ 1
Тері дегеніміз не?
Сұрақ 2
Неліктен шыныққан адамдар сирек ауырады?
Сұрақ 3
Теріні не үшін күтеміз?
2) Кесте: «Терінің құрылысы мен қызметі»
Тапсырма: құрылым сипаттамалары мен қызметтері ауыстырылып беріледі. Оқушылар тиісті сөйлемді өз орнына орналастырады.
Эпидермис
Терінің сыртқы қабаты
Құрылым ерекшелігі
Көпқабатты эпителий. Сыртқы қабаты — мүйізді қабат (өлі жасушалар), ішкі қабаты — өсуші қабат (тірі жасушалар).
Қызметі
Теріні сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, ауру қоздырғыш ағзалардың енуіне тосқауыл болады.
Дерма (нағыз тері қабаты)
Қан тамырлары мен рецепторларға бай қабат
Құрылым ерекшелігі
Дәнекер ұлпасынан тұрады. Қан тамырлары, лимфа және жүйке талшықтары жиі орналасады. Бұл қабатта түк түбірі, тер және май бездері болады.
Қызметі
Тер бөлінуі мен зат алмасу өнімдерінің шығарылуына қатысады; су-тұз алмасуын және дене температурасының реттелуін қамтамасыз етеді.
Теріасты май қабаты (гиподерма)
Жылуды сақтайтын және қорғаныс қабаты
Құрылым ерекшелігі
Май жасушаларына бай, қалың қабат. Жұмсақ, талшықты құрылымдардан тұрады.
Қызметі
Ішкі мүшелерді, ұлпалар мен сүйекті соққыдан қорғайды; ағзаны суық пен ыстықтан оқшаулап, жылуды сақтайды.
3) «Біліміңді сына»: «Терінің рөлі қандай?»
Әр тұжырымға дәлел келтіріп, «неге?» сұрағына жауап беріңіз.
4) Жұмбақтар
1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек.
Жауабы: бас, шаш
2) Өзі жансыз, бірақ жандыға жабысып күн көреді.
Жауабы: тырнақ
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі. Ыстық-суығыңды да сезеді. Күте білсең, аурудан да қорғайды.
Жауабы: тері
5) «Сынақтан сүрінбе?» (тест)
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Терінің сыртқы қабаты:
2. Терінің сыртқы қабатындағы ұлпа:
3. Нағыз тері қабаты:
4. Тері бездері терінің қай қабатында орналасқан?
5. Нағыз тері қабаты қандай ұлпадан тұрады?
6. Терінің қызметтері:
7. Қоңыр пигмент терінің қай қабатында түзіледі?
8. Теріде түзілетін дәрумен:
9. Саусақ басын қорғайтын мүйізделген түзіліс:
10. Газ алмасуы терінің қандай қызметіне жатады?
6) Зерттеу жұмысы
Топтар (биологтар, дерматологтар, косметологтар) қолдың сыртын және алақанды зерттеп, өз мамандығына сай қорытынды жасайды. Нәтижені қысқаша дәлелмен ұсынады.
Биологтар
Құрылымдық ерекшеліктерді (тері бедері, тері қалыңдығы, түк, тері тесіктері) сипаттау.
Дерматологтар
Тері саулығын бағалау, ықтимал қауіп факторларын және алдын алу жолдарын ұсыну.
Косметологтар
Күнделікті күтім қадамдарын (тазалау, ылғалдандыру, қорғаныс) нақтылау.
7) «Суреттер сөйлейді» (слайд тапсырмасы)
Слайдтар бойынша талқылау және қысқаша қорытынды жасау.
8) Анықтама сөздер
Түйін сөз
Ақша жоғалтсаң — ештеңе жоғалтпағаның.
Уақыт жоғалтсаң — аз жоғалтқаның.
Денсаулық жоғалтсаң — бәрін жоғалтқаның.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл — үшеуімен бақытты болады өмір.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы 3, 4, 5 бағалары арқылы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.