Мәтінді оқыту
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің шақтары
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
Пән аралық байланыс
Информатика, ана тілі, дүниетану
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Семантикалық картамен жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер
Слайдтар, сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өткен сабақтардан алған мәліметтерді тереңдету, есте қалғандарын нақтылау және меңгерген білімді ұмыт қалдырмауға жағдай жасау.
Дамытушылық
Оқушыларды сөйлем ішіндегі етістіктің шақтарын ажыратып, оларға сұрақ қоя білуге дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға төселдіру; ойлау әрекетін, есте сақтау мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушыларды ұйымшылдыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жарыс форматы- Сәлемдесу.
- Сыныпты түгелдеу.
- Оқушыларды үш топқа бөлу: «Ыбырай», «Ахмет», «Тоқтар».
- Жарыс ережесімен таныстыру.
- Әр топ ана тілі мен қазақ тілі туралы өлең оқиды.
Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын!
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Үй тапсырмасын тексеру
«Бақбақ» өлеңі
Әр топтан бір оқушы өлеңді жатқа айтады.
Жіктеу
Әр топтан бір оқушы «ұшады», «ұшты», «ұшып барады» сөздерін үш жақта жіктеп айтады.
«Бәйге» сұрақтары
Етістіктің түрлерін атау, ережесін айту және мысал келтіру.
Анықтама
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.
Сұрақтары
Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысал
Балалар мектепке келді.
Балалар не істеді? Келді.
Материал слайд арқылы көрсетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
«Ой қозғау» стратегиясы- 1 Мәтінді оқу.
- 2 Мәтіннен келер шақ етістіктері кездесетін сөйлемдерді тауып, әр топтан бір оқушының тақтада орындауы.
- 3 Етістіктердің қай жақта және қай шақта тұрғанын айту.
- 4 «Қоңырланады» сөзін жекеше және көпше түрде жіктеп айту.
II деңгей
2-жаттығу- 1 Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, бір-бір сөзден жіктеп жазады: шынық, көтер, ойнайды.
- 2 Келесі оқушы жазылған сөздердің бірін пайдаланып, сөйлем құрап жазады.
III деңгей
ҚорытындылауСемантикалық картамен жұмыс.