Өзге топтың жұмысын қадағалау бағалау
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстан тарихы • 9-сынып • Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұлы Отан соғысы және оған қатысқан қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы ерлігі, антқа беріктігі туралы түсінік қалыптастыру. Қазақ азаматтарының ҰОС-қа қосқан үлесін, қажырлы еңбегін нақты деректермен баяндау және оқушылардың ізденіс жұмыстары арқылы білімін толықтыру.
Дамытушылық
Тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру және тарихи шындықты тану арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қазіргі заман талабына сай көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік
Елжандылыққа, елін және жерін сүюге тәрбиелеу; батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге баулу. Патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, батылдық пен жауапкершілікті нығайту.
Сабақтың мазмұндық тіректері
Көрнекілік
- Карта
- Соғыс ардагерлерінің фотосуреттері
- Белсендірілген тақта
Пәнаралық байланыс
- Дүниежүзі тарихы
- Әдебиет
- География
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
- Постер дайындау
Сабақтың жоспары
- I Ұйымдастыру кезеңі: өзге топтардың жұмысын қадағалау.
- II Үй тапсырмасын сұрау.
- III Жаңа сабақты түсіндіру.
- IV Сабақты бекіту.
- V Бағалау: өзге топтың жұмысын қадағалау.
- VI Үй тапсырмасы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сабақты бастау
Сабақ басталмас бұрын әр топ бір-біріне жылы тілек айтып, ынтымақты атмосфера қалыптастырады.
Өткен сабақты пысықтау сұрақтары
- Республикада білім беру жүйесін құруға зиялы қауым өкілдері қандай ықпал етті?
- Жалпы білім беру саласының жетістіктерін атаңдар.
- Алғашқы қазақ романдарын атаңдар. Оларды кім және қашан жазды?
- ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ әдебиетінде қандай жаңалықтар болды?
Ой қозғау: «өмірдің ағы мен қарасы»
Мұғалім оқушыларға ақ парақ пен қара парақты көрсетіп, сұрақ қояды: «Мына парақтар нені білдіреді? Өмірдің ағы мен қарасын қалай түсінесіңдер?» Әр топ өз пікірін ортаға салады.
Осы талқылаудан кейін мұғалім қорытынды жасайды: өмірде ақ пен қара қатар жүреді. Қазақстан тарихында да ауыр кезеңдер болды. Сол қиыншылықтардың ең зорының бірі — Ұлы Отан соғысы.
Көркем жолдар
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарсы айрылған аналардың жүрегі.