Бақ құсым

Сүйіктіңізді қалай атайсыз?

Бұл мақаланы жазуыма бір ғана себеп бар: мен ғашықпын. Сүйіктімнің маған арнап айтатын жылы сөздері бір-біріне ұқсамайды. Сол нәзік ықыласы мені күн өткен сайын өзіне баурап, жанымды тыныштандырады.

Мені «әдемі сөзге алданып жүр» деп ойламаңыз. Ол — мәдениетті, сауатты, тәрбиелі азамат. Оның қасында өзімді еркін сезінемін, еркелеймін. Ол әрдайым қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырады. Кейде мейірі төгілген сәтте жай ғана құшағына алып, маңдайымнан иіскеп қояды — соның өзі жеткілікті.

Мен оның ойының тазалығына риза боламын, адалдығын жоғары бағалаймын. Ол мені жары етпейінше, саусағының ұшын да тигізбейтінін жиі айтады. Осындай азаматтың сүйіктісі екеніме шын жүректен мақтанамын.

Енді сөзді созбай, оның мені әр кездескен сайын қалай атайтынын бөлісейін.

Жүрекке жақын атаулар

Әр сөз — мейірімнің, құрметтің және жауапкершіліктің белгісі.

Жаным Сүйіктім Ғашығым Махаббатым Асылым Нәп-нәзік балапаным Ханшайымым Періштем Сұлуым Толықсыған айым Нұр шашқан күнім Мөлдір бұлағым Қаракөзім Құралайым Ботам Еркем Жұлдызым Аққуым Көгершінім Көріктім Адалым Кербезім Айдынның ақ құсым Нәзігім Жүрегімнің жартысы Бақ құсым Тәп-тәттім Сүйкімдім Бибі

Жылы сөздің түбі — құрмет

Құрметті жігіттер қауымы, сүйіктіңізді қадірлей біліңіз. Әрқайсыңыздың анаңыз бар екенін, әпке-қарындасыңыз бар екенін ешқашан ұмытпаңыз. Нәпсіңізді тыйыңыз.

Құрметті қыздар қауымы, сіз де қадірлі болуға ұмтылыңыз. Ар-намысыңызды аяққа таптатпаңыз. Ақ босағаны адал аттау — парыз екенін естен шығармаңыз.

Дайындаған: Жадыра