Зүбәржат мектепалды даярлау тобы
Алғашқы қоңырау
(Мерекелік фон ойнап тұрады. Фанфар.)
Бүлдіршіндердің салтанатты шеруі
Салтанатты мерекеміздің қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз!
«Меруерт» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Шамуратова Ханзада Сражадиновна
«Жақсы оқу — антымыз, артыңда қалсын алтын із!»
Топ тәрбиеленушілері — білімді, өнерлі, үлгі тұтарлық, еліміздің болашақ азаматтары. Қол соғып, қарсы алыңыздар!
«Мәрмәр» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Құрманбаева Гульнафис Құрманбаевна
«Сұңқардай қалықтаймыз, ізденуден жалықпаймыз!»
Балалардың шығармашылық қабілеті жоғары деңгейде. Бес саусағынан өнер тамған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз!
«Құбылтас» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Қуаныш Қымбат Оразбайқызы
«Біз әдепті баламыз, айтқан тілді аламыз.»
Бұл топты білгір, тапқыр, ширақ деп айтуға болады. Ақылдарына көркі сай бүлдіршіндер үнемі алға ұмтылады. Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!
«Зүбәржат» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Муканова Кумисай Масалимовна
«Көк бөрідей жүректі, қайраттымыз; жігерлі де білімді, айбаттымыз!»
Болашақта елімізді бар әлемге танытатын өскелең ұрпақ — талантты, ширақ, кішкентай бөбектерімізге нағыз үлгі болатын білгір ұл-қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз!
«Қыстас» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Серикбаева Назира Алиевна
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»
Өте тапқыр, сөзге шешен, оқуда озат екенін дәлелдеген білімді ұл-қыздарымызды ортаға шақырамыз!
«Сутас» — мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешісі: Кулматова Айгүл Шинибековна
«Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.»
Өнерлі, талантты, өте білімді балаларымыз күннен күнге жетістіктерімен қуантып келеді. Қол соғып, қошеметпен ортамызға шақырамыз!
Құттықтау шумақтары
Қуаныш бүгін — мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Жас досым, саған мың сәлем!
Балдырғандар, келіңдер,
Білім үйін көріңдер.
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап алыңдар.
Рәсімдік бөлім
Мемлекеттік Гимн
Жиынға қатысушылар, түзеліп тік тұрыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Алғашқы құттықтау сөзі
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ашу үшін құттықтау сөз №63 «Әсем-Ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова Аида Жұманқызына беріледі.
Жылдың маңызды оқиғалары
Конституция күні
2017 жылғы 30 тамызда Егемен Қазақстан Республикасының Ата заңы — Конституциясына 22 жыл толды. Конституция — туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, ел бірлігі мен берекесінің асыл қазынасы.
EXPO 2017
Биыл Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен әлемге әйгілі EXPO 2017 көрмесі ұлт мақтанышына айналды. Осыған орай бүгінгі салтанатты мерекені ашық деп жариялаймыз!
Тақпақтар
(Музыка ойналады.)
Көңілді көрініс: Дымбілмес
Дымбілмес жүгіріп келіп, балалармен доп лақтырып ойнайды да, көңіл көтереді.
Диалог
Жүргізуші:
— Балақай, тоқта! Бізде мерекелік іс-шара өтіп жатыр. Кедергі жасама, әрі жүр. Сен өзі кімсің?
Дымбілмес:
— Сәлем, балалар! Менің атым — Дымбілмес! Мен доппен ойнап, асыр салғанды жақсы көремін. (Доппен ойнап жүріп, бір нәрсе іздей бастайды.)
— Мәссаған, сөмкемді жолда келе жатып жоғалтып алыппын. Енді сабақты қалай оқимын?.. (Жылайды.)
Жүргізуші:
— Иә, шынында да, сөмкең қайда? Сөмкесіз сабаққа келуге болмайды!
Дымбілмес:
— Мен оны жоғалтып алдым. Енді не істеймін?
Жүргізуші:
— Дымбілмес, егер біздің сұрағымызға жауап берсең, біз саған көмектесеміз.
Дымбілмес:
— Жарайды, қандай сұрақ?
Жүргізуші:
— Біздің Республикамызда 2017 жылы әлемге әйгілі қандай дүниежүзілік көрме өтті?
Дымбілмес:
— Ммм... көрме дейсіз бе... Қойшы... (Балалар, маған көмектесіңдерші, өтінем!)
Балалар жауап береді: «EXPO 2017!»
Жүргізуші:
— Дұрыс жауап! Жарайсыңдар, балалар!
Шараны ұйымдастыру
- Балабақша
- №63 «Әсем-Ай»
- Шағын орталық
- «Алпамыс», «Ақбұлақ»
- Ән-күй жетекшісі
- Кунакбаева Гүлжанат Темірбаевна
«Алғашқы қоңырау» — салтанатты жиын аяқталды.