Сабаққа даярлық

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Оқушыларға Бейімбет Майлин туралы мәлімет беру.
  • Қазақ халқының аштық пен кедейлікке толы кезеңдегі өмірін таныстыру.

Дамытушылық

  • Мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды табуға үйрету.
  • Ойды жүйелі жеткізуге, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру.
  • Ойлау дағдысын дамыту, пікірін тиянақты айтуға баулу.

Тәрбиелік

Ел тарихын, өткенін құрметтеуге, халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдерді ұғына білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Баяндау

Көрнекілігі

  • Суреттер топтамасы
  • Слайд

Сабақтың жүру барысы

Төмендегі құрылым сабақ кезеңдерін жүйелі өткізуге көмектеседі: ұйымдастыру, мақсат қою, жаңа материалды меңгерту, пысықтау, қорытынды және үй тапсырмасы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.

«Алақан» жаттығуы

Көршіңе бұрылып, алақандарыңды түйістіріп, бір-біріңе жүрек жылуын сыйлаңдар.

Үй тапсырмасын пысықтау (сұрақтар)

  • Тоқаш Бокин не үшін күресті?
  • Түрмеде оған қандай айып тағылды?
  • Айыптау қорытындысы қандай болды деп ойлайсың?
  • Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?
  • Тоқаштың қолына кісен салынып, көшеге алып шыққанда, халық оның халін қалай аяды?
  • Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?

II. Мақсат қою кезеңі

  1. 1 Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
  2. 2 Жаңа сабаққа даярлық: суреттер топтамасы арқылы Бейімбет Майлиннің өмірімен танысу және әңгіме құрастыру.

III. Жаңа сабақ

1) Түсініп оқу

Оқушылардың есіне тарихи деректі түсіріп, мәтінді саналы қабылдауға бағыттау.

2) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді іштей оқып, жалғастырып оқу арқылы негізгі ойды анықтау.
  • Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең суреттеледі? Бұл оқиға қай уақытта болды?

3) Сөздік жұмысы

өрім-өрім бөкебай ызғырық өлмелі кедей

4) Талдау сұрақтары

  • Қали мен Күлпаш Мақтымның келуін неге күтті?
  • Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

IV. Жаңа сабақты пысықтау

Талқылау

«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деген сөзді қалай түсінесің?

Рефлексия

Кейіпкерлердің тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

V. Қорытындылау

Суретпен жұмыс

Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?

Теріп оқу

Кейбір сөздер неге қарамен (ерекшелеп) жазылған деп ойлайсың?

VI. Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұнын айту.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, жауаптарының нақтылығы мен сөйлеу мәдениетіне қарай бағалау жүргізіледі.