Бейне жазба

Қысқа мерзімді жоспар: «Жемістер мен көкөністер»

Бұл жоспар жемістер мен көкөністер тақырыбын меңгертуге бағытталған. Оқушылар бейнежазбадағы ақпаратты түсініп, сұрақтарға жауап береді, суретке сүйеніп сипаттау сөздерін жазады және жемістер мен көкөністерді салыстырып, ажыратады.

Оқу мақсаттары

  • Т3. Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; сәйкес иллюстрацияны/заттық суретті/сызбаны таңдау.
  • Ж4. Берілген суретке (затқа) қатысты сипаттау сөздерін жазу.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Бейнежазба бойынша хабарламаның мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді және сәйкес затты таңдайды.
  • Берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады.
  • Жемістер мен көкөністерді ажыратады, салыстырады.
  • Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады; сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

Сөздік қор

Пәнге қатысты сөздер мен сипаттамалар:

алма алмұрт жүзім өрік сәбіз картоп бұрыш қызыл сары жасыл жұмсақ қатты тәтті қышқыл ащы дәмді пайдалы

Бағалау критерийлері (дескрипторлар)

  1. 1 Бейнежазбадағы хабарламаның мазмұнын түсінеді және сұрақтарға жауап береді.
  2. 2 Тапсырмаға сәйкес суретті (затты) таңдайды.
  3. 3 Жемістер мен көкөністерге сипаттама береді және салыстырады.
  4. 4 Жемістер мен көкөністерді ажыратады.
  5. 5 Дауысты дыбыстарды ажыратады.
  6. 6 Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

Алдыңғы оқу: қызығушылықты ояту

3 минут

Таныстырылым арқылы оқушыларға сурет көрсетіледі.

  • Суретте не көрсетілген?
  • Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?

Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты хабарланады.

Сабақтың басы: мағынаны тану

10 минут

Бейнежазба бойынша жұмыс

1-тапсырма (тыңдалым)

Оқушылар бейнежазба бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді (барлық оқушылар).

  • Жемістерге не жатады?
  • Көкөністерге не жатады?
  • Алма қандай? Алмұрт қандай? Жүзім қандай? Сәбіз қандай?
  • Жемістер мен көкөністердің қандай пайдасы бар?

Сипаттама жазу

Оқушылар жемістер мен көкөністерге сипаттама беріп жазады (барлық оқушылар).

Алма — қызыл, дәмді.

Алмұрт — жасыл, жұмсақ.

Картоп — қоңыр, дәмді.

Сәбіз — сарғыш, қатты.

Сабақтың ортасы

5 минут

2-тапсырма: «Сәйкесін тап»

Оқушылар берілген суреттерді атауына қарай сәйкестендіреді (барлық оқушылар).

Мектеп және мұғалім туралы ақпарат

Білім беру ұйымы
Риддер қаласы, «№ 17 орта мектебі» КММ
Мұғалім
Ерғасымова А. Т.

Тақырып: Жемістер мен көкөністер.