Үлкендерге құрмет көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Талапкер орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Карижанова Раушан Акажановна

Сабақтың тақырыбы: «Сыйласаң — сыйлы боласың»

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Дос, туыс және жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
  2. 2 Досына, туысына және жақындарына деген сүйіспеншілігін арттыру.
  3. 3 Достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Сюжетті суреттер

Ұйымдастыру

Мұғалім балалармен бірге шеңберге тұрып, жақын адамдарына арнап жылы лебіз бен жақсы тілек айтуға бағыттайды.

Дәйексөз

Тақтаға жазылады

«Өзіңді сыйласаң — сыйымды боларсың.»

Мәтінмен жұмыс

Оқу

Ә. Табылдиевтің «Сыйлау» әңгімесін оқу.

Талқылау

Оқушылар мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

  • 1) Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • 2) Үлкендерге құрмет көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?

  • 3) Кішілерге не үшін қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық жұмыс

Тақырып

«Сыйлаймын өз үйімді» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Әдіс

Сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Ойын-жаттығулар

1) «Күн шуағы» ойыны

Бұл ойын оқушылардың сыйластық қарым-қатынас жасай білу дағдыларын толықтыра түседі.

Үлкендерге қатысты әрекеттер

  • Орын беру
  • Құрметтеу
  • Тіл алу
  • Сыйлау
  • Көмектесу
  • Қадірлеу
  • Тыңдай білу
  • Сыйлық жасау

Негізгі ой

Достықсыйластықтан басталады.

Оқушы қасындағы досын немесе ең жақын туысын сипаттайды: қандай құрмет көрсетеді, араларында қандай сыйластық бар?

ТУЫС
ОҚУШЫ
ДОС

2) «Сыйласа білесің бе?» ойыны

Мұғалім сыйластықты білдіретін және білдірмейтін сөз тіркестерін араластырып оқиды. Оқушылар дұрыс деп тапса — қол шапалақтайды, бұрыс деп тапса — алақандарын екі жаққа жаяды.

Дұрыс әрекеттер

  • Үлкендерге бірінші болып сәлем беру
  • Үлкен кісінің айтқанын тыңдау

Бұрыс әрекеттер

  • Кішілерді жәбірлеу
  • Үлкендердің сөзін бөлу

Дәптермен жұмыс

  • Үйге берілген ребусты шешу.
  • Бос торкөздерді толтыру.

Қорытындылау

Сабақ барысында меңгерген білімдер мұғалімнің көмегімен тұжырымдалады: сыйластық — адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас. Адамдарды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді және ол адамның іс-әрекетінен байқалады. Адамдарды сыйласаң, олар да сені сыйлайды. Осындай сыйлы қарым-қатынас адамдарға қуаныш сыйлап, тату-тәтті өмір сүруге жетелейді.

Жүректен жүрекке

Ән

А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін үйреніп, бірге айту.

Өлең мәтіні

Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.


Таза бала мұнтаздай,
Еңбекшіл осындай.
Сүйсінеді қараған,
Болайықшы, досым-ай.


Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.